"МИФ" әдістемелік бірлестігінде математика, информатика, физика пәндерінен сабақ беретін он екі ұстаз қызмет етеді. Бір зерттеуші, төрт сарапшы, төрт модератор, бір жоғары санатты, бір екінші санатты мұғалім бар.
Бірлестік жұмысының басты бағыттары –оқушыларға білім берудің сапасын арттыруға септігін тигізетін, білім берудің дәстүрлі және инновациялық технологиялары мүмкіндіктерін қолдану; мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің, олардың математика, информатика, физика саласындағы білімпаздығының және құзыреттілігінің әдістемелік, теориялық және кәсіби деңгейін үздіксіз жетілдіру.
Дарынды және талантты балалармен, үлгерімі төмен оқушылармен педагогикалық жұмыстың спецификасын ескере отырып, заманауи талаптар тұрғысынан коммуникативті және кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында ұстаздардың біліктілігін арттыру міндеті қойылған: мұғалімнің портфолио құрамын толықтыру бойынша жұмыс; мұғалімнің өзінің және мұғалімнің жетекшілігімен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу; компьютерлік сауаттылықты арттыру.