Қазақстан Респубикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коучинг тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда
олимпиадалық есептердің
шешу жолдарын қарастыру»
Өткізгендер: Бакиршикова С.А. №2 ОМ
Аскарова А.Т. №6 ОМ
2019-2020 оқу жылы
«Бастауыш сыныптарда олимпиадалық есептердің шешу жолдарын қарастыру» атты коучингтің жоспары
Күні: |
24.01.2020 жыл |
|
№ |
Коучинг тақырыбы |
«Бастауыш сыныптарда олимпиадалық есептердің шешу жолдарын қарастыру» |
1 |
Жалпы мақсаттар |
1) Мұғалімдер мен бастауыш сыныптарда олимпиадалық есептерді шығару жолдарын талқылау 2) Жалпы мақсатқа қол жету үшін серіктестік қарым-қатынасты жүзеге асыру; 3) Коучинг сабағында белсенділік таныту, коучинг мәселесін шешуге қызығушылық білдіру. |
2 |
Күтілетін нәтиже |
I Коучинг қатысушылары: 1) Мұғалімдер олимпиадалық есептерді шығару жолдарын талқылайды; 2) Алған білімді өз тәжірибесінде қолданады; II Коучинг қатысушылары есептерді құрудың, топты ұйымдастырудың, топтық рефлексия дағдыларын меңгереді. |
3 |
Түйінді идеялар |
Олимпиадалық тапсырмаларды орындау үрдісіне арналған әдістерді ойластыруға болады.
|
4 |
Ресурстар |
Презентация, карточкалар |
5 |
Сабақтың жабдығы |
Флипчарттар, стикерлер, маркерлер, А-3, түрлі-түсті қарындаштар |
Коучинг барысы
Коучинг кезеңдері |
Уақыты |
Коучтің іс-әрекеті |
Коучинг қатысушыларының қызметі |
«Сәлем-сөздің анасы» Сәлемдесу |
2 мин. |
Коучинг қатысушылармен сәлемдеседі |
Қатысушылардың көңілдері көтеріледі, жайлы орта құрылады. |
Сергіту сәті (мақсаты: ынтымақтастық атмосферасын құру) |
3 мин. |
1.Әріптестер өз бойындағы қасиеттерін айтып бөліседі. (Бағлан-бақыттымын, Салтанат- cабырлымын......................) |
Шеңберге тұру. Қатысушылар өздерінің бойындағы бір жақсы қасиетін айтады.
Әр қатысушыны тұлға ретінде көрсету, таныту. |
Жұмыс ортасын құру мақсатында қатысу-шыларды топқа бөлу. Коучинг түрі – топтық |
2 мин. |
Коучинг қатысушыларын «конфет» арқылы топтарға бөлінеді. |
3 топ құрылады. |
Миға шабуыл |
Бейнеролик https://youtu.be/W4UgdyW6QAY |
Арнайы интернет желісінен алынған бейнеролик тамашаланады, тақырыпты ашады, мақсаты хабарланады |
|
(Мақсаты: сабақтың тақырыбына қызығушылықты арттыру)
|
5 мин.
|
І тур: «Әу баста» Олимпиадаға дайындау шарттары:
Тест тапсырмалары І-топ: 1. 1 + 3 + 5 + 7 + . . . + 19 + 21 + 23 = ? А.288 В. 144 С.79 D.98 2. Кітаптың 135 беті бар. Барлық бетті нөмірлеуге қанша цифр кетеді? А) 294 В) 208 С) 297 D) 286 3. 8 балықшы 8 балықты 8 күн жейді. 10 балықшы 10 балықты неше күнде жейді? A. 12 B. 10 C. 6 D. 8 ІІ-топ: 1. Неше тіктөртбұрыш бар? A. 27 B. 18 C. 16 D. 24 2. 13 дм биік өскен өсімдік сабағы бойымен жерден жыланқұрт өрмелейді.Ол күндіз 3 дм жоғары көтеріліп, түнде 2 дм төмен түседі. Нешенші күнде жыланқұрт өсімдіктің басына жетеді? A. 10 B.13 C. 9 D. 11 3. А мен Б әріптері цифрларды белгілейді. Егер де A9 + 2А = Б4 теңдігі орындалатын болса А+Б қосындысы нешеге тең болады? A. 9 B. 12 C. 13 D.15 ІІІ-топ: 1. Беріктің тотықұстары мен көжектері бар. Олардың барлық бастары 37, ал аяқтары 100. Беріктің көжектері қанша? A. 12 B. 16 C. 13 D. 15 2. 7 санының оң жағына(артына) цифр тіркеп жазғанда одан 68 – ге артық сан пайда болды. Қандай цифр тіркеп жазылған? A. 4 B. 9 C. 5 D. 6 3. Цифрлры әртүрлі ең ұлкен үш таңбалы жұп сан мен цифрлары әр түрлі ең кіші үш таңбалы тақ санның айырмасына тең санды көрсетіңіз. A. 883 B. 863 C. 865 D. 887
Тест орындалып болған соң «Үш шапалақ» арқылы бағалайды. ІІ тур: «Асық ойыны» есептер шығару Әдісі: «Галереяны шарлау»
Бағалау «Бас бармақ»
ІІІ кезең: «Бәйге» логикалық есептер. 1-т: Шырпылардан сиыр құрастыру және оның екі таяқшасын ауыстыру арқылы сиырды теріс қарату. 2-т: 9 нүктені үш сызық арқылы үзбей қосу үлгісін көрсету 3-т: Үлгіде көрсетілген суретті бейнелеу немесе ұқсастығын табу. |
Әр топтың алдына әр тур бойынша есептер таратылады да, олимпиада материалдарын орындау кезінде кездесетін сұрақтарды талдап ортаға салады. (Спираль әдісі)
Топтар русурстармен танысып, өз нәтижелерін ұсынады. (Спикер немесе барлық топ мүшелері). |
Психологиялық тест |
2 |
«Піл» Ақ параққа пілдің суретін салыңыз |
Тест нәтижесібойынша қорытынды жасалады. |
III Рефлексия (Мақсаты: сабақ қорытындысын шығару, сабақ бойынша кері байланыс орнату )
|
3 мин. |
- Коуч қатысушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. |
Қатысушылар стикерлерін толтырып, өз ойларымен бөліседі.
|