Білім алушылардың тамақтандыруды ұйымдастыру
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың сапалы және уақтылы тамақтануын ұйымдастыру – олардың денсаулығы мен оқу үлгерімін жақсартуда маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік педагог ретінде менің басты міндеттерімнің бірі – әлеуметтік осал топтардан шыққан оқушылардың тегін тамақпен қамтамасыз етілуін бақылау және осы процестің әділ әрі сапалы жүзеге асуын қадағалау болып табылады.
Тамақтандыруды ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:
Мектептің 200 орындық типтік асханасы бар, қажетті жиһазбен, құралмен жабдықталған. Мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ЖК «Утопергенова Сауле Сабировна» ұйымдастырады. Оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдайлар жасау үшін мектеп әкімшілігі ыстық тамақты ұйымдастыруға көңіл бөледі. Асханада 6 қызметкер жұмыс істейді, барлығы медициналық тексерістен өткен. Төрт апталық ас мәзірі бойынша жұмыс жасаймыз. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімі санитарлық талапқа сай.
Ақмола облысы Целиноград ауданы бойынша оқушылардың ыстық тамақтың бағасы 7-11 жасқа - 725 теңге, 11-15 жас – 818 теңге, 16-18 жас – 882 теңге.
1-4 сынып оқушылары – 273 оқушы тамақтанады.
Мектепте сапалы тамақтану мониторингы бойынша комиссия бекітілген, комиссия айына екі рет қадағалайды. Негізгі мақсаты: Тағамның сапасын бақылау. Жасалған тағамның құрамында ешқандай зиянды заттар, дәмі мен түрі жағынан кемшіліктер болмауы. Санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын тексеру.





