КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде тәрбие жоспарына сәйкес "Ауған асуларында от кешкендер" тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесу мектеп кітапханасында өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Сулейменова Айгул апай арнайы ауған соғысынан мол мағұлмат беретін көрме жасады. Кездесуге Сатбаев Қайратбек Аманжолұлы Тохмағанбетова Бешенгул апа және Керкеев Ерболат Тілеужанұлы шақырылды. Соғыс ардагерлері көзбен көрген жүрекпен сезінген соғыс зардаптарымен оқушылармен бөлісті. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Ардагерлер сұраққа жауап бере отырып оқушыларға тәрбиелік маңызы зор кеңес берді. Ардагерлердің әр сөзінен әсер алған оқушылар көңіл толқынысын жан тебреністерін жасырмады. Ардагерлерге мақтанышпен қарады. Ал он баланың анасы қаһарман ұл қыз өсірген сұм соғыста ұлынан айырылған Бешенгүл апаны нағыз батыр ана деп білетіндерін айтты. Батырларымыздың ерлігі ешқашан өшпейді, аты өлмейді. Қашанда жадымызда, өскелең ұрпақ сіздермен мақтанады. Барлық ардагерлер рухына бас иеміз.

27.02.2022
Просмотров: 1534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст