КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Аулақ бол - жаман әдеттен!"

30.01.2019

 Тақырыбы: "Аулақ бол - жаман әдеттен!"

2018-2019 оқу жылында Қараөткел №2 орта мектебінде  Целиноград АІІБ қызметкерімен және  Қараөткел ауылылының полиция қызметкерінің  қатысуымен  құқықбұзушылықтың алдын- алу жөніндегі айлыққа байланысты  «Аулақ бол – жаман әдеттен!»  тақырыбында іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Еліміздегі ақпараттық құралдарда белең алып бара жатқан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу мақсатын алға тарта отырып, мектеп оқушыларын хабарлар ету, ақпараттандыру, өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алуға шақыру, зиянды әдеттер әуестігінің неге алып баратындығынан хабардар ету.

24.01.2019 жылы Целиноград АІІБ  жасөспірімдермен жұмысы жөніндегі қызметкері полиция  лейтенанты Тулебаева Камилла Сакеновна   және Қараөткел аулының полиция қызметкері Ноғайбаев Талғат,  мектеп директоры С.Буянның  қатысуымен  "Аулақ бол - жаман әдеттен!"  тақырыбына сай кездесу өткізіліп, оқушылар өз ой – пікірлерін ортаға салды. Жалпы ішімдік, темекі, насыбай, түнгі жүріс, ұрлық жасау, ақша бопсалау, оқушылар арасында әлімжеттік көрсету сынды іс – шаралар қолға алынып отыр.  Іс-шараға 6-11 сынып оқушыларынан  750 оқушы қатысты. 

Ұйымдастырушылар: мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары - Ахметқызы Маржан, мектептің аға тәлімгері Бекенова Дана Орынбасаровна, мектебіміздің "Қыран" өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы - Сүлейменова Айдана. 

Аудандық жасөспірімдермен жұмысы жөніндегі полиция лейтенанты Тулебаева Камилла Сакеновна оқушыларға "Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық жайлы " айтып түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектебіміздің "Қыран" өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы - Сүлейменова Айдана   іс-шарада «Әлімжеттікке жол жоқ!», «Насыбайдың зияны», «Жасөспірімдердің құқықтары мен міндетері»,«Бопсалау» тақырыптарға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп оқушылар жауап берді. Оқушыларға кәмелетке толмағандардың қылмысы мен полицияның қазіргі кездегі жұмысының жайттарын, міндеттерін полиция қызметкері таныстырып, оқушылармен   сыр - сұхбат жүргізді. Оқушылардың қойған сұрақтарына нақты білімділігін көрсетіп жауап берген жергілікті полиция қызметкерлеріне, мектеп оқушылары ризашылықтарын білдірді.

Просмотров: 705


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст