КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.02.2018

         Елбасының жыл сайынғы жолдаулары әртүрлі мазмұнда болғанымен мақсат-мүддесі айқын, ел бірлігін

сақтау, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу, жақсы өмір сүру жолдары сияқты озық ойларға жетелейді. Жолдаулар әр іске бастамшы, ұйытқы бола білуде.

        Жаңа кезең жастардан басталады демекші, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Қараөткел №2 орта маектебімізде көптеген игі істер жүзеге асып жалғасын табуда. 2017-2018 оқу жылы басталысымен-ақ мектеп басшысы Сажидисилян Буянұлының бастамасымен білім ордасында біршама ізгі істер ұйымдастырылып, өтілуде. Соның бірқатар негізгілеріне тоқталып кетуді жөн көріп отырмыз.

       Тәуелсіз еліміздің үкілі болашағы ретінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде мектепте Тәуелсіздіктің 26-жылдығына орай «Тәуелсіздік-тірегім» атты үлкен мерекелік концерт өткізілді. Концерттік бағдарлама тек мектеп оқушылары емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары мен ата-аналар назарынада ұсынылды. Іс-шараға мектеп өнерпаздары мен ұстаздар өнері паш етілді. Сонымен бірге жас ұрпақты ұлтжандылық, адамгершілік,

жауапкершілікке баулу мақсатында озат оқушыларды мектепішілік «Жас ұлан Жас қыран» балалар ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Ұйымға 102 оқушы салтанатты түрде қабылданып, мектеп әкімшілігімен және ұстаздардың қатысуымен балаларға төсбелгілер мен туымыз түстес галстуктар тағылды.

       «Қазақ халқы - батыр халық», - демекші, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетіп, туымызды биікте желбірету мәртебесіне ие болуымыз біздің батырда батыл бабаларымыздың қан мен терлері арқылы келген сыйы деп білуіміз керек. Жас ұрпаққа біліммен тәрбие беруде батыр халықтың ұрпағы екендіктерін насихаттау біздің парызымыз деп білудеміз. Осы орайда қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға 95-жыл толуына байланысты мектебімізде «Ұлы даланың батыр қызы» атты аудандық іс-шара өтілді. Шараға ауданның 18-мектебі қатысып, мектептер жүлделі орындармен марапатталды.

      Сонымен қатар, «Ақиық ақын-Мұқағали» атты жыл сайын мектеп, аудан, облыс көлемінде өтілетін іс-шараны мектепішінде іріктеу сайысы ретінде өткіздік. Мұқағали өнері қазақта қайталанбас тұлға, қайталанбас өнер иесі ретінде оқушыларға дәріптеу болып табылады.

     Жаңа 2018 оқу жылы басталысымен аудан әкімі – Таткеев Малгаждар Саттаровичтың бастамасымен мектебімізде халық алдында есеп беру жиыны өткізілді. Әкім , өз кезегінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, өткен жылға есеп берді және  келген жылға жоспарларымен таныстырып өтті. Сонымен қатар ауыл тұрғындарыда көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.  Әкімнің бұл жиынының біздің мектепте өтуінің өзі үлкен мәртебе деп білеміз. Жыл сайынғы Елбасының жолдауларының негізгілерінің бірі – білім беру саласына қойған талаптарын ескере отырып,  аудан басшысының білім беру саласына да қосып жатқан үлесі зор десек,  артық айтпағанымыз болар.  Атап айтатын болсақ, биылғы 2017-2018 оқу жылында мектебімізге 4-мультимедиялық кабинет, 3-робототехника аудан тарапынан бөлінді. Жаңартылған білім саласында осындай жаңа техникалардың арқасында мектеп ұжымы қызығушылықпен жұмыс жасауда. Осы орайда аудан басшысы – Таткеев Малгаждар Саттаровичқа мектеп ұжымы мен білім алушы оқушылар  атынан  айтар алғысымыз шексіз дегім келеді.

     «Бұлақ көрсең – көзін аш» - демекші, жас дарындарды ашу, таланттарын паш ету мақсатында мектебімізде орын тепкен «Гәкку» би орталығы басшылары Гульнур Секербаевнаның бастамасымен Алматы қаласында өткен сайыстан І-орынды иеленіп, тек мектеп емес республика атын асқақтатып келді. Осы мақсатпен қаңтар айында мектепте үлкен ШОУ-концерт беріп өтті.  Оқушыларымыз тек білім кемесінде емес , өнер кемесіндеде  шарықтап келеді.

Елбасымыз алға қойған міндеттерді орындау жолында мектебіміз бен мектеп ұжымы шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасап келеді.

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст