Текст
Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде медбикелер оқушылар арасында гепатит ауруының таралуынан сақтандыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 1-11сынып оқушыларымен «Гепатитті алдын алу жолдары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді, диктанттар алынды. 1-7сынып сынып оқушылар арасында «Таза қолдар» акциясы өткізіліп, 10 минуттық лездемелерде медбикелер қолды қалай жуу керектігін түсіндірді. Мектептің дәлізіне, ата-аналар бұрышына вирустық гепатит А және оның алдын алу жолдары туралы хабарламалар ілінді.