КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25.01.2018

            Құрметті де қадірлі Ұжымдастарым! Күні кеше Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауына байланысты Республикалық телеарналардың эферінен мәлімдеме жасады. Онда Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын атай келе: «Еліміздің 2050-ші  жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму

стратегиясы жүзеге асуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз» - деп бастады, жолдаудың кіріспесін . Әрі қарай ойын былай жалғағанына куә болдық: «Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқаруда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар

жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы» қабылданғанын баса айтты. Осы жылғы жолдауда еліміздің 10 негізгі бағытта дамуына басымдық берілетінін көрсетіп берді. Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты. Бұл бағыт таза педагогикалық қызметкерлер, яғни бізге қатысты. «Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Мұғалім  мамандығының беделін көтеру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдау арқылы аурудың алдын-алу мен оны емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызметтің сапасын көтеру қажет. 2016 және 2017 жылдары әлеуметтік төлемдер мемлекет тарапынан 3 рет көтерілді. Соның ішінде базалық зейнетақы 29 пайызға, ынтымақты зейнетақы 32 пайызға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға дейін, білім беру 29 пайызға дейін, мемлекеттік қызметкерлердікі 30 пайызға өсті. Өткен жылы қызметкерлердің жалақысы өте жақсы көбейді. Мұны қазір бәрі ұмыта бастады, алайда бұл былтыр ғана болған дүние. Бұл үрдіс биылда жалғасады», - деді Президент. Елбасының айтуынша, осы жылы бюджеттің әлеуметтік салаға шығындары 12 пайызға ұлғайтып, 4 триллион теңгеге асады. «Базалық зейнетақы еңбек өтілін есепке ала отырып, орташа есеппен 1,8 есеге ұлғайды. Оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны аясында қайта оқыған мұғалімдердің лауазымдық жалақысы дәлелденген біліктілігіне байланысты 30пайыздан 50 пайызға дейін өседі», - деді Назарбаев. Президентіміз халыққа жолдауын былай қорытындылады: «Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» тарапына сай болуына байланысты. Осыны әрбір қазақстандық терең түсіну керек. Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!», - деді Елбасы. Аса ардақты әріптестер! Жолдаудың президент көрсеткен 10

сектордың 7-сі біз – педагог-қызметкерлерге қатысты. Мектеп мұғалімдерінің осы –аса жауапкершілігі мол жұмыстарды жұмыла атқауына еш күмән келтірмеймін, қайта, артығымен орындап шығатынына шәк-шүбә келтірмей, президент сенімінен шығатынына абсалют көз жеткіземін. Олай болса ол жолда аянбай тер төгуге шақырамын, ендеше , іске сәт, қымбатты ұстаздар!

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст