«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізе ала отырып, Қараөткел №2 орта мектебі акт залында «Адал ұрпақ- болашақ негізі» атты тақырыбында жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді. Мектеп тәрбие ісінің меңгерушілері сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубқа 10 сынып оқушысы Көшембаев Әділ, 10 сынып оқушылары Умирбеков Арыстан, 10 сынып оқушылары Қабдеш Нұрлан, Сұраған Дәуіт, 9 сынып оқушысы Умирзакова Аңсаған, 8 сынып оқушылары Анварбекова Махаббат, Олжабай Мерей, Қазбек Балажан т.б қабылданды.Топ жетекшісі болып мектеп аға тәлімгері әрі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бакакова Данагуль Сериковна тағайындалды.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Бакакова Д.С . оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және мәдениеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады.Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа 5-11 сынып ата-аналары қатысып, жетекшілері керекті мәлімет берді . Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. «Бүгінгі оқушы ертеңгі еліміздің, жарқын болашағымыздың айқын бейнесі»-деген қорытындыға келді. Аталмыш тақырып бойынша бейне-фильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріп, «Адал
Ұрпақ» топ жетекшісі Бакакова Д.С. баяндама оқыды. Ата-аналар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп, өз балаларын адал етіп, өз елін, жерін сүйетін патриот болуларына тәрбиелейтіндіктері туралы айтты. Жиналыстың қорытындысы бойынша мектеп директоры И.Буянұлы сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра,
оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдірді.
Мектеп оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 5-8 сынып оқушыларының суреттері қойылды.