КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.12.2017

Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығын мерекелеу аясында  және ҚР Перзидентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017жылғы 20 қараша  мен 25 желтоқсан аралығында  тақырыптық күндер,іс-шаралар ұйымдастырып, уақытымен өткізіліп отырды. Бұл іс-шалардың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесін өз дәрежесінде атап өту және оқушыларға тамыры тереңде жатқан тарихымыздан сыр шерте отырып, тәуелсіздік жолындағы күрес, тәуелсіздік жылдарындағы  қол жеткізген табыстар мен жеңістерімізді насихаттап, оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу. 27 қараша күні 1-11 сынып оқушыларымен «ҚР валюта күн» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп және «Алтын теңге» тақырыбында көрме жасалды. 22 қараша күні 1-8 сынып аралығында «Менің отаным –Қазақстан» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Өткізген Анашев А.Б. Сайыс нәтижесінде 7 сынып 1-орын, 5 сынып 2- орын, 4 сыныптар 3-орынмен марапатталды.  23 қараша «ҚР Рәміздері» тақырыбында оқырмандарға арналаған көрме кітапханада өткізілді.27 қараша күні 5-8 сынып оқушыларымен «Менің елім, менің президентім» тақырыбында диктант жазылды.  26 қараша күні 1-11 сынып оқушыларына арналаған «Елбасының маңызды бастамалары» тақырыбында кітапханада көрме ұйымдастырылды. 28 қараша күні 1-11 сынып оқушыларымен «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сабақтары өткізілді. 28 қараша күні 1ә,3а,7а сыныптарында Елбасына арналған ашық тәрбие сағаттары өткізілді.29 қараша 9-11 сынып оқушылары арасында  «Атом -20ғ қасіреті» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. 2 желтоқсан күні 1-4 сынып оқушыларына « Балалық шағымның аспаны» атты кинофильм көрсетіліп, президентіміздің балалық шағы мен өмір баяны туралы мәлімет берілді.. Өткізген мектеп психологтары Бақтықалиева Р.М. 9 желтоқсан күні мектебіміздің өлкетану тарихына арналған мұражайда «Астана –арман қала» тақырыбында танымдық –саяхат сабағы өткізілді. Өткізген  тәлімгер. 9 желтоқсан күні  «Рухани жаңғыру» тақырыбында холлға көрме жасалды және оқушылардың үйірме жұмыстардың компазициялары қойылды.11 желтоқсан күні өзін –өзі басқару ұйымының оқушыларының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің жастарымыз» тақырыбында таңғы флешмоб өткізілді. Бұл іс-шараға 1-11 сынып оқушылары және мұғалімдер қатысты. 12 желтоқсан күні 7-9 сынып оқушылары арасында тәуелсіздік мерекесіне арналған футзалдан жарысы өткізілді. 12 желтоқсан күні 3ә сыныбында «Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы» тақырыбында,14 желтоқсан «Келешегі кемел Қазақстан» тақырыбында 1ж сыныбында, «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында 4б сыныбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Өткізген Бакиршикова С.А, Шайдонда М, Исманкулова Г.Сондай –ақ 14 желтоқсан күні «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» тақырыбында барша ұстаздарды мереке күнімен құттықтау мақсатында мерекелік концерт өткізілді.Тәрбие ісінің орынбасары Наушабекова Г.А ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға тәлімгер Бакакова Д.С, музыкалық жетекші Каримжанов Д, 2-11 сынып оқушылар және ұстаздар атсалысты. 15 желтоқсан күні мерекелік іс-шаралардың қорытындысы ретінде біздің мектебімізде «Қараөткел барысы» қазақ күресінен жарыс өткізу жоспарлануда.

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст