КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.12.2017

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан құдыретті тұлға екендігін таныту мақсатында Қараөткел №2 орта мектебінде  5-10сынып оқушылары арасында  «Жайна, жасай бер Қазақстаным» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. 30 қараша күні 3а сыныбында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында, 1ә сыныбында «Менің елім,менің президентім»,7а сыныбында «Ұлт көшбасшысы» тақырыптарында ашық тәрбие сабақтары өткізілді. Қараша  айының 29 күні мектеп ұстаздары мен оқушыларына арналған 1-желтоқсан тұңғыш Перзидент күні тақырыбында мерекелік  концерт өткізілді. Концерт барысында мектеп директоры С. Буян барлық ұстаздар мен оқушыларды 1-желтоқсан президент күнімен құттықтап, тілек білдірді. Концерт ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық өлеңдері, оқушылардың өнерімен жалғасын тапты. 30қараша күні 1-11 сынып оқушыларымен «Біздің Елбасы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст