КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.12.2017

Сынып сағаты

Тақырыбы:  «Туған елден, туған жерге».  Рухани жаңғыру аясында

Мақсаты:

1. Оқушылардың атамекенін, Отанын, туған халқын сүюге, адамгершілігін қалыптастыру, сананы сауатты  болуға тәрбиелеу. 

2. Туған жерге деген ыстық ықыластарын қалыптастырып, елін жерін құрметтей алатын білімді  азамат болуға тәрбиелеу. 

Сабақтың көрнекілігі: Слайд  «Туған  жер»  6 минут

Ассоцияцияға арналған көрнекіліктер:  кітаптар көрмесі

Кіріспе : Мұғалім  «Туған ел» ұғымы адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін , туған жерін сағын баған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен , ал ақындар еліне, жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен , өлеңмен өрнектеген. 

Слайд: «Туған жер» 

Біздің Отанымыз- егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті.Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде , кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп , оның көкбайрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып,әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұтады. 

Топтастыру:   Тәрбиеленушілер ойы

Мұғалім:

Шықшы тауға қарашы, кең далаға 

Мәз боласың ұқсайсың жас балаға 

Ол шетімен бұл шетіне жүгірсең 

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? 

 

Мұғалім:

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің 

Нендей күйге жүрегімді бөледің! 

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем 

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім. 


Мұғалім: түстерден басталатын қала аттарын атау: ( Қызылорда, Ақтау, Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, т.б)

(Сабақ барысында тәрбиеленушілерден Отан, Туған жер туралы білетін өлең жолдары сұралады.)

Мұғалім: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.

Мұғалім: Балалар,  енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?

1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.

2. Ел іші алтын бесік

3. Жері байдың елі бай

4. Елің – панаң, жерің - анаң

5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас

6. Өз елің - алтын бесігің.

7. Туған жердің түтіні де тәтті.

8. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне

9. Туған елдей ел болмас

    Туған жердей жер болмас.

 

Қорытынды:

Пай, пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпендер!

Елімізді қорғаған батыр, бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту-әрбірімізге парыз. Рефлексия:  (кері байланыс) оқушылар  өз ойларын стикерлерге жазып қалдырады.

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст