Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау - ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.Құқық бұзушылыққа байланысты айлық жоспар құрылып, сол жоспар бойынша 6 – 11 сыныптар арасында ішімдік, темекі, насыбай, түнгі жүріс, т.б жас өспірімдер арасында болып жатқан жаман әдеттен қашық болу мақсатында ашық тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер ауыл инспекторымен кездесулер өткізілді. Түнгі кезекшілікке арнайы кезек кестесі құрылып сол кесте бойынша мұғалімдер түнгі кезекшілікке шықты. Қазан айында құқықтық айлыққа байланысты ауыл инспекторымен «Әлімжеттік көрсету-әлсіздік» тақырыбына сай кездесу өткізіп, оқушылар өз ой – пікірлерін ортаға салды, деректі фильмдер көрсетілді. Сынып жетекшілер «Құқық әліппесі» «Әдептіліктің алтын ережесі» «Заңды білу заман талабы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Мектеп психологы түрлі тренингтер жүргізді. Жалпы ішімдік, темекі, насыбай, түнгі жүріс, ұрлық жасау, ақша бопсалау, оқушылар арасында әлімжеттік көрсету сынды іс – шаралар қолға
алынып отыр. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - аналар, оқушылар мен мұғалімдер арасында «Мен және менің полициям» акциясына байланысты ауылдың учаскелік полиция лейтенанты Өркенбай Д.Е кездесу өткізілді. Оқушылардың құқықтық білімін тексеруде сұрақ - жауап ойынында: Жеке адамның құқығы дегеніміз не? Құқықтың қандай түрлерін білесің? Адамның негізгі құқығы қандай? Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық деген не? т. б. сұрақтарға оқушылар жауап берді. Оқушыларға кәмелетке толмағандардың қылмысы мен полицияның қазіргі кездегі жұмысының жайттарын, міндеттерін полиция қызметкері таныстырып, оқушылармен сыр - сұхбат жүргізді. Оқушылардың қойған сұрақтарына нақты білімділігін көрсетіп жергілікті полиция жауаптарына мектеп оқушылары ризашылықтарын білдірді.