Біздің ең бірінші алға қойған мақсаттарымыздың бірі жаңа ортаға, жаңа пән мұғалімдеріне үйренісіп, бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсы болу мақсатына көптеген тренинг сабақтар өткізудеміз.
Целиноград ауданы № 2 Қараөткел орта мектебінде 2017-2018
оқу жылының тоқсан басында мынадай жұмыстар атқарудамыз.
1 - 5 сынып және жаңадан келген оқушылары мектеп табалдырығына үйреніп, бейімделу мақсатында оқушыларымен көптеген жұмыстар қажет етеді. 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу процесін байқау, танымдық процестерін анықтау барысында оқушылардан Керн Йерасиктің тесті алынып, қорытындылары шығарылып, сынып жетекшілеріне мәлімет қорытындыларын беріп отырамыз. Қыркүйек айының басында 1 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізіледі, ата-аналарға психологиялық тұрғыдан кеңестер, баланың мектепке дайындығы,оқушымен, сынып жетекшімен, ата – анамен бірлескен жұмыс жасау жөнінде кеңестер беріліп отырады. Оқушылардың сабаққа қатысуы, өз-өзін сабақ үстінде ұстауы, сабақтан кешікпеулері , өтіп жатқан жаңа бағдарламаны меңгерулері бақылануда.
Сыныптың оқушыларымен жыл бойы сабақ үлгерімдеріне байланысты түзету –дамыту жұмыстары жүргізіледі. 5 сынып оқушыларынан сыныптағы оқушылардың , топтағы ұйымшылдықты анықтауға арналған «Социометрия», жоғары сыныпқа бейімделулері пәнге деген қызығушылықтарын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізіліп қорытындылар шығарылады. 5 сынып оқушыларының тәртібі, сабаққа қатысуы, үлгерімдері бақыланып зеррттелінуде. Бұл жұмыстар жыл бойына жалғасады. Жаңашылдық барлық жерде бастапқы уақытта әрқашанда қиындық туғызады. Сол себепті жас ерекшелігіне қарамастан барлық оқушылармен жұмыс атқарылуы керек. Біз ойлаймыз бұндай жұмыстар тек біздің мектеп орталығында емес, барлық жерде жүргізілу қажет. Қазіргі уақытта біздің мектепте жаңадан келген оқушылармен жекелей жұмыстар, сауалнамалар алынып тренинг сабақтар әңгіме жүргізілуде. Сонда ғана жаңа мектеп ортасына, жаңа мұғалімге үйренісу оңай болады деген ойдамыз.