КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25.11.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мектепте арнайы көрме ұйымдастырылды. Еліміздің болашағы - жастар мен оқушылардың көзқарасын заманауи талаптарға сай өзгертіп, болашаққа сеніммен қарап, ел үмітін ақтар жастарды тәрбиелеу мақсатында Қараөткел № 2 мектебінде көрме бұрышы орын алды. Аталмыш іс-шараға мектеп басшысы – С.Буянның бастамасымен мектеп ұжымы, кітапхана қызметкерлері, еңбек мұғалімдері және де оқушылар өз үлестерін қосып, ат салысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бой көтерген, жаңартылған обьектілердің суреттері ұсынылды. Көрме арқылы оқушылар, ата-аналар қауымы мектебімізде атқарылып жатқан осындай игі шараларды тамашалауға мүмкіндік алып отыр. Балалардың қолымен, еңбектерімен жасалған қолөнер туындылары, қылқаламдарынан шыққан шығармашылықтары көптің көңілінен шығып отыр. Алдағы уақыттарда да барлық атқарылып отырған іс-шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында өткізіліп, көпшілік көзайымына айналарына күмән келтірмейміз.

Просмотров: 529


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст