Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтауға арналған мерекелік іс-шаралар біздің мектебімізде де жалғасын тапты. 29 қыркүйек күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Қарттарым асыл-қазынам» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып ұстаздары зейнетке шыққан, ұлағатты ұстаздарымыз Байболина Гүлжан Ержұманқызы, Амина Әбдірахманқызымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ұстаздарға шағын мерекелік концерт қойлып, құттықтау тілектер, тақпақтар оқылды. Ұстаздар да өз тарапынан тәлім –тәрбиеге толы қызық әңгімелер айтып, ән салыды. Ұлағатты ұстаздармен кездесу өте қызықты өтті.Мектебімізде 2016ж құрылған «Жалын» клубының мүшелері ауыл қарттарының үйіне барып құттықтап, қолғабыс жасап келеді. Ауылымыздың қарттарына отын суларын тасуға көмектесу іс-шарасы қазан айы бойы жалғасатын болады. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»-деп халқымыз айтқандай, қазан айының 13 ші жұлдызы күні ауыл қарияларына арналған мерекелік концерт өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: жас ұрпақтың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай,салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбилеу болатын. Бұл іс-шараға ауылымыздың қадірлі қариялары мен қоғам қайраткерлері шақырылды. Ауыл қариялары мерекелік дастархан басында отырып, мектебіміздің оқушылары қойған концертті тамашалады.