КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24.11.2017

«Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым.  «Жас ұлан» өз қызметінде ҚР-ның Конститутциясын, заңнамасы және де басқа нормативтік құқтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың  бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі  жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағын негізінде өскелеңа деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ұйымның міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани- адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

«Жас ұлан» ұйымының рәміздері: ту, галстук, төсбелгі, эмблема.

Ұйымға қабылдау жылына 3 рет:

1- мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні, 6-шілде- « Жас ұлан» құрылған күні, 16-желтоқсан –Тәуелсіздік күні.

Жүзеге асырушылары: 6-9 жас – «Жас қыран», 10-16 жас – «Жас ұлан», мектеп басшылығы, ұйым жетекшісі, сынып жетекшілер, ата-аналар.

«Жас ұлан» ұйымының бағыттары: Парасат, Таным, Ұлт рухы, Тал бесік, Жігер, Жеті жарғы, Еңбек.

«Жас ұлан» ұйымына қабылданушының анты: Біз, Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, Отанымыз- Қазақстан Республикасының патриоты, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге, ата-анамызды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табаңдылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға, «Жас ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі, негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге /АНТ етеміз, АНТ етеміз, АНТ етеміз / 3-рет қайталау.

Басқару құрылымы: Ұйым жетекшісі – Мектеп ұланбасы – Топ ұланбасы – Топ қыранбасы – Сынып ұланбасы- Сынып қыранбасы – бөлімдер бойынша жауаптылар.

Ұйым жұмысынан күтілетін нәтижелер: Қоғамадағы өзгеріске бейімделген, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің  ғылыми-әдістемелік қызметін жандандыру.

Тәрбиелік оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттау.

 

                   «Жас Ұландар» әні

                  Әні мен сөзін жазған: Ұ.Ж. Жаналиева

 

                          

Біз ұланы қазақ елінің

                        

Туған жерін, сүйген Отанын.

                          

Әке жолын, ана мейірімін, бойға жиған қасиетін

 

                                Қ-сы

     Жас ұлан, қалыспа!

     Қырандай қарышта.

Еліміздің абыройын

     Асқақтап әлемге

    Нық ұстайық байрағын!

Көп білуге ұмтыламыз өнер,

Білім, ғылымға.                             

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға.

 

                             Қ-сы

Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта.

Еліміздің абыройын

Асқақтап әлемге

Нық ұстайық байрағын!

 

жалғасы  

Просмотров: 840

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст