КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.11.2017

Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде  қыркүйек айының 29 күні  ұстаздар күніне  арналған «Ұстаз-ұлы тұлға» атты  мерекелік іс-шара өткізілді. 29 қыркүйек күні 11–сынып оқушылары  ерте келіп, мұғалімдерді гүл шоқтарымен, құттықтаулармен өте әсерлі қарсы алды. Мектебімізде өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылып, бір сәтке оқушы мен мұғалім орындарын  ауыстырып көрді. Ұстаздар күні тамаша көңіл-күймен басталған мерекелік іс-шара концертпен жалғасын тапты. Негізгі мерекелік бағдарлама барысында мектеп директоры мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаздарға мықты денсаулық, отбастарына амандық, шығармашылық табыс тіледі. Білім саласында өзіндік қолтаңбасы бар, озат тәжірбиесімен, шығармашылығымен, білім жүйесіне қосқан  үлесі зор,  ұстаздарымыздың еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Ұстаздар  аудандық, мектепішілік мадақтама қағаздармен марапатталды. 11 сынып оқушыларымен дайындалған концерттік бағдарламада ұстаздарға арналған өлеңдер оқылып, ән-арнаулар айтылып, халық билері тамашаланды.  Мерекелік іс-шара соңында әр мұғалімге гүлдер шоғы сыйға тартылды.

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст