КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.11.2017

Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында Қараөткел №2 орта мектебінде күз мезгілінің қызығы мен молшылығын  паш ететін,табиғаттың барлық мезгілінің ерекшелігін көрсету, әдемілік пен жомарттыққа оқушыларды тәрбиелеу мақсатында қазанның 18 мен 20 аралығында «Күз мереке,күз береке» тақырында мектепішілік «Алтын күз» мерекесі өткізілді. Қазанның 18 күнінен бастап «Ғажайып көкөністер» көрмесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 2 «г», 2 «в» сыныбы «Шебер қолдар», 3 «ә» сыныбы «Ең жақсы аппликация», 2 «а», 2 «б», 2 «ә»,сыныптары «Жас қолөнершілер» номинациясын, 1 «е» мен 1 «б» сыныбы «Тапқыр қолөнершілер» номинациямен, 1 «а», 1 «ә», 1 «г» сыныбы «Шебер тоқымашылар» номинациясымен марапатталды. 19 қазан күні «Күзгі ертегілер елінде» тақырыбында 4-5 сынып оқушыларының театрланған қойылымдары болып өтті. Қойылым оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шығып өте қызықты өтті. 4а сыныбы «Күз ханшайымы»,4ә сыныбы «Бидай мен тышқан», 4б сыныбы «», 4 «в» сыныбы «Бауырсақ» ертегісін қойды.5 «а» сыныбы «Шалқан»,5 «ә» сыныбы «Алтын балық», 5 «б» сыныбы «Алма»,5 «в» сыныбы «Жемістер айтысы»,5 «г» сыныбы «Шалқан» ертегісін сахналады.20 қазан күні 6-7 сыныптар арасында «Күз ханшайымы» сайысы ұйымдастырылып, 7 «ә» сыныбы мен 6 «б» сынып оқушылары бас жүлдені жеңіп алды.8-11 сынып оқушылары арасында «Күзгі бал 2017» сайысы өткізіліп 9 «а» сыныбы бас жүлдені иеленсе,  басқа қатысушы сыныптар «Әдемі жұп», «Өнерлі жұп» т.б. номинациялармен марапатталды.Үш күнге созылған мерекелік  іс-шара өте қызықты өтіп, ерекшелігімен есте қалды  деп ойлаймыз.

Просмотров: 834


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст