Ғылыми әдістемелік істер төмендегі жұмыстарға бағытталған:
1. Нормативті-құқықтық құжаттар
2. Мұғалімдердің сапалық құрамы
3. Мұғалімдерді аттестаттау құжаттары
4. Мектептің даму жоспары
5. Жаңа форматтағы мұғалімдердің жұмыстары
6. Әдістемелік жұмыстар: әдістемелік бірлестіктер, әдістемелік бірлестік жоспары, онкүндіктердің өтілуі, әдістемелік отырыстар
7. Мұғалімдердің білім-білік дағдыларын жетілдірулері
8. Дарынды оқушылармен жұмыс
9. Мектепішілік олимпиада, аудандық олимпиада, ғылыми жұмыс
10. Жас мамандармен жұмыс
Нормативті құжаттармен жұмыс
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатты дайындаған болатын. Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған. Пән мұғалімдері әдістемелік нұсқаулықтағы ерекшеліктерді оқыды, танысты.
Тамыз айында Ақмол ауылында өткен пәндік секциялар отырыстарында басқа мектептерде жұмыс істейтін әріптестерімен бұл сұрақтар
талқыланды.
Тамыз айында пленарлық отырысқа мектебімізден 10 шақты мұғалім қатысты, 20-дан астам мұғалімдер секция отырыстарына қатысты.
Целиноград ауданы бойынша білім беру қызметкерлерінің аудандық тамыз мәжілісінде оқу –әдістемелік көрме жұмысы 6 бағыттан тұрды. Бізге жүктелген 2 бағыт болды. Біріншісі: «Білім беру мазмұның жаңарту-уақыт талабы». Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлерін білу, жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпараттарды пайдалану. (Сетевое сообщество). Аудан бойынша қатысқан мектептер саны:8. Біздің мектеп жыл бойы атқарылған Lesson Study –сыныптағы зерттеудің тиімді әдістері папкасын, ІІІ деңгей мұғалімі Әбілханова Әлімкүлдің портфолиосы және мектептің даму жоспары бойынша атқарылған
жұмыстың құжаттарын қойды. Осы құжаттарды жүйелі жинақтаған ІІ деңгей оқыған Кенесбаева З.С., Сатыбаева Б.К мұғалімдердің аты-жөндерін айтып кеткім келеді. Екінші бағыт: Ғылыми жұмыстар. Қатысқан үш мектеп қана болды. Дайындалған құжаттар: көрме, роллап. Жыл бойы аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде жетістікке жеткен мұғалімдерді оқушыларымен фотоға түсіріп әдемі безендіріліген көрме жасадық. Роллапқа ғылыми жоба жазуда жүлделі орын алған оқушылар мен ұстаздар жайлы ақпарат жазылды. Осы жерде №2 орта мектептің көрмесі ерекше талғамға сай безендірілгеніне және ауқымды жұмыстың көрсетілгеніне өздеріңіз куә болдыңыздар. Ерекше алғысымды мектеп ұжымы ұстаздарына білдіргім келеді. Материалдық шығынды(чемодан стеллаж, роллапқа кеткен шығындар) мұғалімдер көмегімен жүзеге асты. Және көрмеге ат салысқан мұғалімдерді атап кету керек, олар: технология пәнінің мұғалімдері: Смаков Қайрат Жайлыбаевич, Усувалиев Мықтыбек Казыгулович, Еркебаева Мариям Абаевна, Болысхан Ақмарал, Тәуекелов Жұмағазы Шәкенұлы. Секция отырыстарында баяндама оқыған мұғалімдер: мектеп психологы Бақытқалиева Раушан Маратбекқызы, Баянова Лаззат Болатовна, Төкен Ғазиза, Қадырова Ботагөз Бегалиевна, Балабекова Лаура Ерғалиқызы. Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Ізбасарованың Құрмет грамотасымен Тұранов Ыбырай Әбілдаұлы марапатталды.
Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталатын болсам, 2016-2017 жылын 101 мұғалім аяқтады. Жоғары санат-21, Бірінші санат-21, екінші санат-35, санатсыз мұғалімдер-24. Декреттік демалыста -15 мұғалім отыр. Мұғалімдерді аттестаттау бойынша біршама өзгерістер кірді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2016-2017 оқу жылында аттестатталуға өтініш берген мұғалімдер саны: 7. Жоғары санатқа 1 мұғалім, ол Камелова Айнур Умербекқызы. Партфолиосы алдын ала Ақмола облысы білім басқармасының аттестатау комиссиясына жектізілді, қорытындысы
шыққан жоқ. Бірінші санатты қорғағандар саны:2, бірінші санатты растады:3. Олар: Омирзакова Гүлжайнар Зияшқызы, Баршабаева Мира Меңдіғалиқызы, Нурабаева Гүлшат Каулановна.Бірінші санатты иеленген: Еламанова Сабира Балтабаевна, Наушабекова Гүлшат Амирбековна. Бірінші санатқа уақытынан бұрын өтініш білдірген мұғалім -1, Ишамбулов Азымхан Авылканымович бірінші тестілеуде пән бойынша 1 балл жетпеді, екінші тестілеуге денсаулығына байланысты бара алмады. І санатқа өтініш бергендер жоғары деңгейде портфолиоларын қорғап келді. ІІ санатқа өтініш білдірген мұғалімдер саны-5, 1 мұғалім ІІ санатты растады, ол-Серғазы Алмас. Жақсыбаева Айгерім Сейдазымқызы, Келес Маншук, Бақытқалиева Раушан Маратбекқызы, Тулектемирова Қарлығаш Сериковна. Бүгінгі өтіп жатқан педкеңестің шешімі бойынша аты оқылған 5 мұғалімге ІІ санатты берулеріңізді сұраймын. 2017-2018 оқу жылына өтініш білдірген мұғалімдердің саны-23. Жоғары санатқа-3, 3 мұғалім де жоғары санаттарын растайды. Олар: мектеп директоры Сажидислян Буян, Омарова Эльвира Мейрамбековна, Кенесбаева Замзагуль Слямгазыевна. Бірінші санатқа:10, бірінші санатты растауға: Иманбай Салтанат Имабайқызы, Мукашева Лаззат Ермековна, Доспаева Сауле Мырзабаевна; бірінші
санатқа өтініш білдіргендер: Сагидуллина Замзагуль Слямгазыевна, Еркебаева Мариям Абаевна, Тұрарбекова Акуштап Елтаевна, Балабекова Лаура Ергалиевна, Исмакулова Гүлраушан Есжановна, мерзімінен бұрын өтініш білдіргендер: Султан Нұрбол, Борибеков Нуржан Асанұлы. ІІ санатқа өтініші білдіргендер саны: 10. Чакеева Лайла Омаркановна, Каирбеков Нурбол Казбекулы, Томашев Бауыржан, Егинбаева Алтынгуль, Имангожаева Жадыра, Кусайнова Айгуль, Айдарова Бағила, Утеева Ақтолқын, Тутан Жайнар, Кабылбекова Жанар Танибердиевна. Мұғалімдерді аттестаттау бойынша ешқандай кедергілер болған жоқ: комиссия мүшелері Амренова Гаухар Уалхановна, Амангелді Нұржан, Муханова Қаршыға Утегеновна, Тусупбекова Орынтай Темирболатовна, Алимбетова Даметкен Какеновна. Алдын ала тағайындалған комиссия мүшелері өздеріне жүктелген қоғамдық жұмысты ойдағыдай атқарып шықты. Отырыстар уақытында өткізілді.
Мектептің даму жоспары. Мектептің даму жоспары қазан айында таныстырылған болатын. Тақырыбы: Бағалаудың тиімді тәсілдері арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру. Мақсаты, даму жоспарының басымдықтары, нәтиже мен табыс критерийлеріне тоқталмай-ақ қояйын, қазан айында тоқталған болатынмын. Даму жоспары 3 кезеңнен тұрады.
1-кезең. Басымдықтарды белгілеу, іс-шараларды жоспарлау, үдерістерді басқару.
2-кезең. Іске асыру және мониториг.
3-кезең. Бағалау.
Атқарылған іс-шаралар:
1. Мектептің даму жоспары құрылды, бекітілді
2. Желілік қауымдастық жұмысы бар, орта деңгейде. (Біздің мектептің тірегі Ақмол №5 мектебі, аудан бойынша өткізілген семинарларға мұғалімдер қатысушы ретінде барды, әріптестерінің сабақтарын көрді)
3. Мектеп тренерлерінің жұмыстары ұйымдастырылды. Тәжірибедегі рефлекция мекепішілік курсы. Мектеп тренерлері Сатыбаева Б.К., Балабекова Л.Е.
1-топ . Тренері Сатыбаева Б.К. 16 мұғалім.
2-топ. Тренері Балабекова Л.Е. 10 мұғалім.
4. Жаңартылған бағдарлама мазмұны таныстырылды, жүзеге асты. Қараша айында Көкшетау қаласында педагогикалық шеберлік орталығында өткен жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктеріне арналған білім жетілдіру курстарына Камелова А.У., Абламбаева Д.Д. бір апталық, екі апталық мерзімде барып білімдерін жетілдірді. 1-сынып мұғалімдеріне қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау тақырыптарында дөңгелек үстел, әдістемелік отырыстар өткізілді.
5. ІІІ деңгей мұғалімдері орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларды құрды, зерттеу тақырыптарын анықтады.
6. Шеберлік сыныптарды келесі мұғалімдер Истаупова Орал Манаповна, Нурмағанбетова Лаззат Кошерқызы. 30 шақты мұғалім қатысып, білімдерін жетілдірді.
7. Мектепте Lesson Study үдерісін өткізу. Ақпан айында 2Б сыныбына жауапты Камелова А.У., модератор-Әбілханова Әлімкүл. Тұңғышбаева Сайран Алпысбаевна сабақ берді. Зерттеу тобы 2-сынып мұғалімдері болды. Жоспар бойынша 6Г сыныбында география, 9Б сыныбы тарих пәні өтпеді.
8. Әдістемелік жұмыстар: әдістемелік бірлестіктер, әдістемелік бірлестік жоспары, онкүндіктердің өтілуі. Әдістемелік бірлестіктер:
1. «Шежіре» қазақ тілі пәні ӘБ, БЖ:Амангелді Нұржан
2. «Лингвист» орыс тілі пәні ӘБ, БЖ:Кенесбаева З.С.
3. «Forever» ағылшын тілі ӘБ, БЖ: Иманбай С.И.
4. «МИФ» математика, физика, информатика ӘБ, БЖ: Ожанова Л.А.
5. Денешынықтыру ӘБ, БЖ: Ишамбулов А.А.
6. «Рауан» химия-биология, география ӘБ, БЖ: Баршабаева М.М.
7. «Кәусәр» бастауыш сынып ӘБ, БЖ: Ибраева А.Н., Баймуратова А.Е.
8. «Өнер» технология ӘБ, БЖ: Еркебаева М.А.
Мен онкүндіктерге толық тоқталмаймын, себебі өңдірістік, директор жанындағы жиналыстарда ӘБ жетекшілері толық тоқталған болатын. ӘБ жетекшілеріне қоғамдық жұмыстарды өз деңгейінде атқарғандарын тоқталып кеткім келеді. ӘБ жетекшінің талапшыл, еңбекқор болғаны және бірлестік мүшелерінің өз жұмыстарына жауапты болғанына байланысты тоқсандық есептерді уақытында өткізген ӘБ жетекшілері Иманбай С.И., Ибраева А.Н., Баршабаева М.М., Амангелді Н.
Болашақта жоспар құрған кезде ескеретін мәселелерге тоқталғым келіп отыр.
Дарынды оқушылармен жұмысқа анықтама.
Мектепішілік дарынды оқушы саны: 322.
Аудандық дәрежеде өткен түрлі оқулар, олимпиада, ғылыми жоба байқауларына дарынды оқушыларды ағымдағы жылы мекепішілік іріктеу болып отырды.
Дарынды оқушылардың, талантты ұстаздардың шеруі 12-мамыр күні өз дәрежесінде өтті.
Дарынды оқушылардың жетістіктеріне нақты тоқталғым келеді:
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ОҚУЛАР.
Аудандық “Жарқын болашақ” қазақ тілі пән олимпиадасы.
1. “Әнші бұлбұл” номинациясы. 11А-сынып оқушысы Алдамжарова Динара. І орын. Жетекшісі: Тәрбие ісінің меңгерушісі және музыка
пәнінің мұғалімі Маржан Ахметқанқызы
2. Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі пән олимпиадасы «Жас ғалым» номинациясы. 11-сынып оқушысы. Талапқан Ераман. Бас жүлде және облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі пән олимпиадасы «Жас ғалым» номинациясы ІІ орын иегері, Валитова Роза 9Ә-сынып оқушысы. ІІ орын. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Тұранов Ыбырай Әбілдаұлы
3. «Тілші әдебиетшілер» номинациясы. Жүнісқожа Назерке. 9А-сынып оқушысы. ІІ орын. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангелдіқызы Нұржан
4. “Жазушылар” номинациясы. Утегенов Алтынбек 7Ә-сынып оқушысы. Белсенділік танытқаны үшін грамота. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангелдіқызы Нұржан
5. «Сөз шебері» номинациясы. Сатова Дарина. 10А-сынып оқушысы. ІІ орын. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбаева Бакыткул Калибаевна.
6. «Сахна саңлақтары» номинациясы. 9А сынып оқушылары: Жүнісқожа Назерке, Нұрбек Меруерт, Сұраған Дәуіт, Дарапов Айдын, Олжабаев Мейрамбек, Умирбеков Арыстан, Қабдеш Нұрлан. Белсенділік үшін диплом. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангелдіқызы Нұржан.
Аудандық ағылшын тілінде ақын, жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы.
1. Аудандық “Ағылшын-британ оқулары”. 7А сынып оқушысы Алимбетова Аида “Мәнерлеп оқу” номинациясы. Қатысқаны үшін белсенділік дипломы. Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Иманбай Салтанат Иманбайқызы
2. Театрланған қойылым. ІІІ орын. 8А-сынып оқушылары Мақан Мағжан, Затыбек Жәнібек, 7а сынып оқушылары Алимбетова Аида, Ерболат Гүлім, Жарманов Айдар, Ғалымжан Диана, Байзақ Аружан, Карабалина Айым. Жетекшілері: ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері: Иманбай Салтанат Иманбайқызы, Балабекова Лаура Ерғалиқызы
3. 2Д сынып оқушысы Серікхан Алинур «Мәнерлеп оқу» номинациясы. ІІІ орын, 8А сынып оқушысы Мейізбаева Мадина «Мәнерлеп оқу» номинациясы. ІІІ орын. Жетекшісі: Балабекова Лаура Ерғалиқызы
Аудандық Пушкин және Есенин, Лермонтовоқулары.
«Театрланған қойылым». Бас жүлде. Басты рольді сомдағандар: 11Б сынып оқушысы Сыздыкова Жанна, 11 А сынып оқушысы Киікбай Мирас, 9 А сынып оқушысы Умирбеков Арыстан, 9Ә сынып оқушылары Альбиков Диас, Расулова Жадыра. Жетекшілері: орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Садвакасова Акерке Каликановна, Жанамкулова Айгуль Сергеевна Осы жерде сахна қойылымына ат салысқан төмендегі оқушыларға тоқталғым келеді: 11- сынып оқушылары Серікқызы Жібек, Алдамжарова Динара, Абдыров Жомарт, 10-сынып оқушылары: Мухтарова Еркемай, Қайсарова Аружан, Кенес Дамина, 9-сынып оқушылары: Кусаинова Наргиз, Көшімбаев Әділ, Ғалымжанова Асель, Досболат Гульназ, Досбалат Кундуз, Құттымбет Дамина, Ералы Назерке, 8-сынып оқушылары: Бакиргалиева Зарина, Абдықали Гульсезім, Сулейменова Айдана, Багатова Индира, Буятова Айша, Каратаева Дильназ, Бармухатова Лаура. 4-сынып оқушылары: Оразымбет Нұржан, Қайрат Нұрсерік, Қойбагарова Ақтолқын,
Абдунасырова Назым, Рамазанқызы Дана, Талапкер Мадияр, Ерсен Бекзат, Жеңіс Ербатыр. 1-сынып оқушылары:Рахимов Амир, Қадырхан Айгерім, Омирбек Мөлдір, Байғазы Темірлан. Оралбекова Диляра, Дангипова Камила, Абзалов Елнур, Толеутай Олжас, Мырзакарим Айғаным, Айсек Бегайдар. 7-сынып оқушылары: Байғазыев Мадияр, Клейн Ангелина, Төлеубергенов Рахман, Утегенов Алтынбек, Аталыкова Жанерке.
9А-сынып оқушысы Буланбаева Арайлым “Конкурс сочинений” І орын, 11 А сынып оқушысы Алдамжарова Динара “Конкурс романсов” ІІ орын, 9А сынып оқушысы Жұмабекова Анара “Конкурс чтецов” ІІІ орын. Жетекшісі:Баянова Лаззат Болатовна. «Мәнерлеп оқу» номинациясы. Кусаинова Наргиз 9Ә-сынып оқушысы ІІІ орын, 9Ә сынып оқушысы Хосманова Мадина «Шығармалар сайысы» Белсенділік дипломы. Жетекшісі: орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Абилхаирова Жанар Ахметовна. 9А-сынып оқушысы Буланбаева Арайлым “Конкурс сочинений” І орын, 11 А
сынып оқушысы Алдамжарова Динара “Конкурс романсов” ІІ орын, 9А сынып оқушысы Жұмабекова Анара “Конкурс чтецов” ІІІ орын. Жетекшісі:Баянова Лаззат Болатовна.
Аудандық Ясауи оқуы. 8А-сынып оқушысы Дәлелхан Мейрамгүл белсенділік дипломы. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Құсаинова Айгуль Кабдурахмановна
Аудандық Абай оқулары. «Өлең-сөздің патшасы, сөз- сарасы» номинациясы. 9Б-сынып оқушысы Сабурбайқызы Әдемі. ІІІ орын. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Сарсенов Елеубай Жұбанұлы.«Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы. 6Б-сынып оқушысы Махсул Хайгай. Белсенділік дипломы. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутан Жайнар.«Өлең- сөздің патшасы, сөз- сарасы» номинациясы. ІІІ орын. 5А-сынып оқушысы Калихан Ақбота. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбаева Бакыткүл Калибаевна. Аудандық Абай оқулары. 9Ә-сынып оқушысы. Валитова Роза “Көңілім әнді ұғады” номинациясы белсенділік ДИПЛОМЫ. Жетекшісі: Қойлыбаева Маржан Ахметқанқызы.
Аудандық Мұқағали оқулары. «Менің пірім –Мұқағали» номинациясы. ІІ орын. 8Ә-сынып оқушысы Буланбай Аслан. Жетекшісі: қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Сарсенов Елеубай Жұбанұлы. Аудандық «Мұқағали оқулары» байқауында белсенділік танытқаны үшін 6Ә-сынып оқушысы Жұмағатова Аружан, 7Ә-сынып оқушысы Далабай Жанарыс ІІІ орын. Жетекшісі: Амангелдіқызы Нұржан. Аудандық Мұқағали оқулары. «Үздік ән» номинациясы. Белсенділік дипломы. 9Ә-сынып оқушысы Валитова Роза. Жетекшісі: тәрбие ісінің меңгерушісі және музыка пәні мұғалімі Қойлыбаева Маржан Ахметқанқызы
Аудандық бастауыш сынып олимпиадасы. Математика пәні. 4-сынып оқушысы Аманбай Айша. ІІ орын иегері. Жетекшісі: Габдуллина Асия Кайроллақызы.
Әдебиеттік оқу пәні. 4-сынып оқушысы. Кеңес Әбдіқадыр. І орын иегері, математика пәні 4-сынып оқушысы Қойбағарова Ақтолқын ІІ орын иегері. Жетекшісі: Жұмажанова Күнсұлу Амангельдиевна
Қазақ тілі пәні. 4-сынып оқушысы Біләл Бейбарас ІІ орын иегері, Математика пәні. Жұмахан Бақыт 4-сынып оқушысы ІІ орын иегері. Жетекшісі: Шарипова Салтанат Асыгатовна. Қазақ тілі пәні. Темирова Дильназ 4-сынып оқушысы. ІІІ орын иегері. Жетекшісі: Махметова Марта.
Әдебиеттік оқу. 4-сынып оқушысы. Жолжан Мадина. ІІІ орын. Жетекшісі: Ибраева Айтжан Нурмағанбетовна.
2016-2017 оқу жылында мектепішілік олимпиадаға-122 оқушы қатысты. Аудандық олимпиадаға 35 оқушы қатысты. Аудандық олимпиадаға 9 пән: химия, биология, қазақ тілі әдебиеті, география, физика, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих пәндерінен болды. І орынды алғандарымен облыстық пән олимпиадасына жолдама алған жоқ, себебі 8-9 сынып гуманитарлық пәндердің қатыспайды деп аудан тарапынан түсіндірілді.
Аудандық пән олимпиадасы жайлы толығырақ төменде: