19-қараша күні аудандық байқау «Қараөткел ауылының №2 орта мектеп» ММ, яғни біздің мектеп қабырғасында өтті. Байқау сағат 10.00-де басталды. Қатысқан мектептер Қараөткел №2ОМ, Оразақ №27, Қосшы №2ОМ, Фарфоровый №10, Талапкер №3, Софиевка №21, 96 разъезд, Қоянды орта мектебі. Байқау 3 бөлімнен тұрды. Сахналық қойылым бойынша мектебіміз жүлделі І орынды иеленді. Рөлдерді сомдаған оқушылар: Мәншүк- 9Б сынып оқушысы Омирзакова Аңсаған, 10-сынып оқушылары: Генерал- Жанарбек Нұрсұлтан, Жайнақ- Пышинский Темірлан, анасы Кусаинова Наргиз, 9-сынып оқушылары: жауынгер- Мақан Мағжан, жауынгер- Сажидсилян Кусайын, мектеп бітіруші қыз- Қуанышбек Диана. Тест жазудан 10-сынып оқушысы Отанбек Әскербек жүлделі ІІІ орынды иеленді, эссе жазудан 9-сынып оқушысы Ұнар жүлделі ІІІ орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Байқаудың ережесінен:
1. Байқаудың мақсатары мен міндеттері
- Мәншүк Мәметованың өмірбаянымен таныстыру арқылы Отансүйгіштік сезімдерін арттыру;
- Оқушылардың ойлау белсенділігін, ой-өрісін арттыру, әдеби тілін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу;
- Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қасиеттерін, қабілеттерін дамыту, өмірге, қоғамға деген көзқарастарын айқындауға ықпал ету;
- Оқушылардың патриоттық, рухани адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
2. Байқаудың бағдарламасы:
- Тест. Тарих пәнінен 20 сұрақ қойылады. Уақыты 20 мин. Тест сұрақтарынан 17 сұраққа жауап берген оқушы 10 ұпай, 15 сұраққа жауап берген оқушы 5 ұпай, 10 сұраққа жауап берген оқушы 3 ұпаймен бағаланады.
- Эссе. Тақырыбы: «Қызы батыр ел- ұлы ел». Берілетін уақыт 30 минут. Эссе жұмысын бағалауда мыналар
ескеріледі:
ü Жұмыс автордың өзінікі болуы тиіс, яғни басқа автордың жұмысын ішінара неме толық пайдалануға болмайды.
ü Эссе таңдалған мәтінге сәйкес болуы тиіс.
ü Жалпы мәселені түсіне білу дағдысы (тақырып бойынша эсседе автордың жеке пікірі болуға тиіс)
3. Сахна саңлақтары сайысы. Мақсаты: Ұлы Отан Соғысындағы Мәншүктің ерлігі, Отанын, елін, жерін қорғаудағы ерен ерлігі. Шарты: Оқушылардың өздері таңдаған бейнені сомдай білуі, ішкі сезімдерін жеткізуі, сахна мәдениетін меңгеруі, ойнайтын рөлдеріне қарай киінуі. Адам саны: 5 оқушы. Қойылым уақыты 10 минуттан артық болмауы тиіс. Бағалаудың негізгі критерийлері:
Ø Тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;
Ø Идея түпнұсқалығы;
Ø Ойдың дербестігі;
Ø Мағыналық толықтыру;
Ø Байқау тақырыбына сәйкестілік;
Ø Тыңдаушыға эмоционалдық әсер күші.
Байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне басшылық еткен мектеп директоры Сажидсилян Буян, ұйымдастырушылар директордың орынбасарлары Д.Абламбаева, Г. Наушабекова және тарих пәнінің мұғалімдері Шарипова М.Б., Тәуекелов Ж.Ш., Құсайынова А.Қ., Нурмағанбеова Л.К., Қартабаева А., қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Бекенова Д.С., Тутан Ж., Тұранов Ы.А., Сатыбаева Б.К., Сәрсенов Е.Ж., Инкарбекова А., бастауыш сынып және музыка пәнінің мұғалімі Еламанова С.Б., АӘД пәнінің мұғалімі Жанбаев Е.Д., технология пәнінің мұғалімі Усувалиев М.