КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.11.2017

«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» - деп, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтып кеткендей алға қойылған мақсат үлкен. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс-деп елбасымыз айтып кеткендей «сананы тұрмыс билейді» демекші қазіргі таңда қозғалып отырған өзекті мәселелердің бірі ол санамызбен рухани мәдениетіміздің жаңғырып, дамуы болып отыр. Даму жолы тек санамызбен ғана емес, сонымен қатар болмысымызбен, заман талабына сай тілімізбен, дінімізбен, тарихымызбен даму жолына түсу. 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттар мен мәселелерді кеңінен тарқатып, мемлкеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқиотырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсінесін. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы даму үстінде. Әр халық, әр ел, әр мемлекет ғасырлар үстінде заман талабына сай рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім саласының, болашақ ұрпаққа саналы түрде білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтай, ескере отырып,әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді меңгерген адам ештеңеден ұтылмайды деп түсінуіміз керек.

Ұлы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе»-дегендей, әрбір білімге құштар адам өз жері мен оның байлығының иесі болуы үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге ұмтылуы тиіс. Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуымыз керек. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде елеулі іс-шаралар атқарылуда. Сол сияқты біздің Қараөткел ауылының №2 орта мектебінде де сондай елеулі шаралар етек алуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес - жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, жаңаша білім беру деп білемін. Ұлт болашағы үшін «Бір женнен қол, бір жағадан бас шығарып», ортақ мүдде жолында аянбай еңбек етіп, тер төгуіміз керек. Себебі, бізге мәңгілік керегі – бірлік пен ынтымақ. Осы қасиеттерді басты назарға ұстап, ұлттық  ұранымыз қылсақ қазақ халқы алмайтын асулар қалмас еді! Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың бірден-бір кепілі!

Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст