Целиноград ауданы, Қараөткел №2 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жукенов Нұрлан Талғатұлы Қазақстан Республикасы бойынша өтіп жатқан «Астана –фестиваль» оқушылар форумына қатысу мәртебесін алып отыр.
Осындай республикалық деңгейде өтілетін форумдарға жолдама алу әрине кез-келген балаға бұйыра бермесі анық. Жукенов Нұрлан бұл форумға Ақмола облысы атынан барып, Қазақстан Республикасының әр аймақ саясаткерлерімен, делегацияларымен кездесіп, «Оқушы көзқарасын құрметтеу» тақырыбында сөз сойлеу құрметін алып отыр. Бұл форум 2017 жылдың 19 –қарашасынан, 21-қараша аралығында өтіліп, үш күнге созылып отыр. Жоба ұйымдастырушылары Қазақстандағы дарынды, талантты, білімге құштар, жан-жақты Қазақстанның ертеңгі болашағы деген таңдаулы оқушыларды таңдауда. Осындай құрметке, таңдауға ие болып отырғани Нұрланға сәттілік тілейміз!