«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылдың 3-қарашасында ҚР жаңартылған білім беру бағдарламасын жүргізуде туындаған мәселелер бойынша (бағдарлама, оқу жоспары, бағалау, жиынтық бағалау, КТЖ, ОМЖ, ҚМЖ) 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін педагогтар үшін әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақмола облысы Целиноград ауданы «Қараөткел ауылының №2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің қабырғасында аудандық «Әдістемелік десант» өтті.
«Әдістемелік десант» мазмұны бойынша алдымен пленарлық бөлімде «Жаңартылған білім беру бағдарламасы: теория мен практика» тақырыбында дәрісші Суюндыков Б.С. өз баяндамасын баяндады. «Әдістемелік десанттың» негізгі бөлімінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, химия, биология, дене шынықтыру, математика, информатика, физика, т.б. пәндер бойынша бөлінген дәріс кабинеттерінде «Қысқа мерзімді жоспарлау», «Сабақ қызметін ұйымдастырудағы сараланған тәсіл», «Белсенді нысандар мен әдістер», «Критериалды бағалауды ұйымдастыру» тақырыптарында тренингтер, пікірталастар, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Пән мұғалімдері жеке кеңестер алды. Мұғалімдер барынша әдістемелік көмекті теория және практика жүзінде ала алды. Семинар жұмысына қорытынды жасалып, рефлексия жүргізілді. Дәрісшілер: Сундыков Б.С., Абдрахманова Р.Т., Жуманбаева А.О., Самуратова Р.Т., Аубакиров А.С., Аембаева А.Е., Жумажанова С.Б., т.б. әдістемелік десантқа үлкен дайындықпен келгені көрінді. Әдістемелік десантқа аудандық мектептерден 350-ге жуық мұғалімдер, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Байболатова Майра Қауашқызы және барлық әдіскерлер қатысты. «Әдістемелік десант» өз дәрежесінде өтуде мектеп директоры Сажидсилян Буян және мектеп әкімшілігі жоғары дәрежеде ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, қатысушылар ризашылығына бөленді.
Қазіргі таңдағы білім саласындағы өзекті тақырыпты әр пән мұғаліміне мектеп тарапынан, аудандық білім бөлімі, облыстық білім басқармасы тарапынан әдістемелік көмек үнемі көрсетіліп отырылса, мұғалімге рухани қолдау, жұмысқа деген нақтылық, дұрыс шешім, дұрыс ой беретіні сөзсіз.