Біздің мектеп соңғы жылдарда салынған жаңа мектептердің бірі. Мектеп жаңа заман талабына сай, заманауи құрал -жабдықтармен жабдықталған.
Мектебіміздің тақырыбы: Иновациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті,өзіндік шешім қабылдай алатын шығармашылық жеке тұлға қалыптастыру. Осы тақырып аясында жеті пән бірлестігі жұмыс жүргізеді. Ұстаздардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі оқытудың әдістемелерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа технологияларды меңгеру. Оқу орнының, өмір стилін өзгертіп,оны динамика мен қызыққа толы процеске айналдыру. Мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуге негіздеу. Білім игеру– өмір бойы үздіксіз процес деген ұстанымда негізге ала отырып бүгінде формалды білім жеткіліксіз сол себепті де біз өмір бойы өздігімізше үйренуіміз қажет. Бүгінгі күнде
білімге негізделген қоғам әрбір тұлғадан өмір бойы оқып – үйренуді талап етеді. Қазіргі таңда мектебіміздің педогогикалық ұжымында 110 оқытушы бар. Оның 92 оқытушы жоғары білімді, ал қалған 18-і орта арнаулы білімді. Осы оқытушылардың 23-і жоғары санатты, 22-сі бірінші санатты, 35-сі екінші санатты болса қалған 30-ы санатсыз. Жалпы 1444 оқушыға білім берудеміз. Оның 91-і даярлық оқушысы. Жалпы мектебіміздің білім сапасы жақсы. 2017-2018 оқу жылының І тоқсандық көрсеткіші бойынша 1-4 сыныптарда барлығы 620 оқушы, 27 сынып комплектісі бар. 620 оқушының 141 үздік оқушылар, 189 екпінді. 5-9 сыныптарда 626 оқушы , 25 сынып комплектісі бар. 626 оқушының 50 оқушы үздік, 177 оқушы екпінді. 10-11 сыныптарда 5 сынып комплектісі бар. 107 оқушының 10 үздік, 27 екпінді.
5-11 сыныпты үздік оқыған 4 оқушы «Алтын белгіге» үміткер ретінде ұсынылды. Олар: Баянова Л.Б, Сатова Д.Қ, Нәсіпханқызы Н, Сейтжанова М.Б. Ал енді бір оқушы Жақслаг Нұрсұлу «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде ұсынылды. Мектеп әкімшілігі оқытушылар біліктілігін көтеру мақсатында біліктілік көтеру курстарына оқытушыларды жіберіп отырады. Мектебімізде жылдан жылға оқушылар саны артуда. Оқушыларға тыңғылықты білім беру мақсатында мектеп оқуытушылары қарқынды қызмет етуде. Себебі қазіргі оқушы, болашақ маман екендігін ұмытпауымыз керек. Болашақ жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақты тәрбиелеп, оған дұрыс білім беріп, бәсекеге қаблетті ұрпақ оқытып шығару біздің басты міндетіміз.