Қазіргі таңда әлемдегі жаңа технологиялық прогресстер, ғылыми зерттулердің 90 пайызы латын әріптерінде жарияланады. Латын әліпбиіне көшу арқылы ағылшын тілін көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында: біріншіден,қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық деп айтқан еді. Сондай-ақ Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050- стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Қазақстан Республикасының Президенті 2017 жылдың 26 қазанында №569 жарлығымен латын әліпбиіне көшуді бекітті. Сонымен қатар 2017-жылдың соңына дейін латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасасын деп айтып өтті.
Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, қазақы айтылым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек. Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын.Оған дәлел бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз -қорқақ, қол-батыр», деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық.
Қазіргі таңда еліміздің өркендегенін, жылдан-жылға дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Жастарымыз азат рухта тәрбиеленіп, өздерінің бай тарихына мақтана алатындай сезімде бой түзеуде. Сондықтан мұғалімдер ұжымы Елбасымыздың латын әліпбиіне көшуді дұрыс деп мақұлдап, еліміздің рухани жаңғыру бағытындағы латын әліпбиінің қолданылуына үлес қосу - алдағы міндет деп санаймыз. Қараөткел 2 орта мектебінде мұғалімдер ұжымымен дөңгелек үстел өткізілді.