Хаттама №1
Күні 16 айы 11 жылы 2018ж
Қатысқандар: 350
Қатыспағандар: 50
Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңесінің ережесімен, оның мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру.
2. Қамқоршылық кеңестің мүшелерін сайлау Целиноград аудандық білім бөлімінің Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 44-бабының 9-тармағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым миннистрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде Қамқоршылық кеңесін құру қажет деп табылды.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С.Буян Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау. Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту. Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау. Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту. ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.
Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған тәрбие ісінің орынбасары Наушабекова Г.А Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Утебаев Сакен, төраға көмекшісі Куанган Болаткан, хатшысы Тарбака Жанаргүл, мүшелері: Смагулова Салтанат, Сапаров Азамат, Узакбаева Лиза, Шибишева Маржангүл, Айтбаева Айгүл, Жанболат Бахтгүл.
Шешімі:
Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Қараөткел №2 орта мектебінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын. Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.
Жиналыс төрағасы: С.Буян
Ата-ана жиналысының хатшысы: Айтбаева Айгүл