2018-2019 оқу жылында Қараөткел №2 орта мектебінде Целиноград АІІБ қызметкерімен және Қараөткел ауылдық округінің учаскелік инспекторларының қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын- алу жөніндегі айлыққа байланысты «Әлімжеттікке жол жоқ !» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіру.
16.10.2018жылы Целиноград АІІБ жасөспірімдермен жұмысы жөніндегі қызметкері полиция лейтенанты Асанбаев Ерік Игілікұлы және ауылдық учаскелік инспекторы Аубакиров С.С. мектеп директоры С.Буянның қатысуымен Әлімжеттік:әдепсіздік пе әлде «әдеп пе?» тақырыбына сай кездесу өткізіліп, оқушылар өз ой – пікірлерін ортаға салды. Жалпы ішімдік, темекі, насыбай, түнгі жүріс, ұрлық жасау, ақша бопсалау, оқушылар арасында әлімжеттік көрсету сынды іс – шаралар қолға алынып отыр. Іс-шараға 6-11 сынып оқушыларынан 750 оқушы қатысты. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маржан Ахметханқызы қиын оқушылармен жұмыс жөнінде баяндама оқыды және тақырыпқа байланысты видео роликтер көрсетілді.Ауыл инспекторы оқушыларға әлімжетттік, ұрлық, нашақордың зияны жөнінде оқушылармен әңгіме жүргізді.
Аудандық жасөспірімдермен жұмысы жөніндегі полиция лейтенанты Асанбаев Ерік Игілікұлы оқушыларға әлімжеттіктің арты не болатыны жайында айтып түсіндірме жұмысын жүргізді. Ауыл учаскелік инспекторлары іс-шарада «Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес», «Кәмілетке толмаған оқушылардың арасындағы жыныстық қатынастың алдын алу», «Жолда жүру ережесін сақтау» «Террористік заң бұзушылыққа қарсы күрес», «Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол салудың алдын алу» тақырыптарға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп оқушылар жауап берді. Оқушыларға кәмелетке толмағандардың қылмысы мен полицияның қазіргі кездегі жұмысының жайттарын, міндеттерін полиция қызметкері таныстырып, оқушылармен сыр - сұхбат жүргізді. Оқушылардың қойған сұрақтарына нақты білімділігін көрсетіп жауап берген жергілікті полиция қызметкерлеріне, мектеп оқушылары ризашылықтарын білдірді.
Қараөткел №2 орта мектебінің тәрбие ісінің орынбасары: Ахметканқызы М.