Текст
03.12.2020
27 қараша, 2020 жылы №2 Қараөткел орта мектебінде ағылшын пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың уәжін арттыру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға 63-тен астам білім саласындағы қызметкерлер қатысып, семинар өз деңгейінде жақсы деген баға алды. Семинардың мақсаты: 1. "Ағылшын тілі" пәні бойынша оқушылардың оқу сапасын арттыру. 2. Теориялық және практикалық оқыту сабақтарында танымдық белсенділікті дамыту; 3. Оқу қызметіне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
25.11.2020
Тұңғыш президент күніне орай Қараөткел №2 орта мектебінің 7 "Б" сыныбы "Елін сүйген Елбасы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшісі: Муханова К.У.
23.11.2020
23 қараша-Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай Қараөткел №2 орта мектебінің 7 "ә" сыныбында "Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізгі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: "Бақытты өмір" ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Сынып жетекшісі: Байболина Ж. Р
18.11.2020
2019-2020 оқу жылында ХХІ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінде «Абай ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша мектебіміздің 9 сынып оқушысы МАХСУЛ ХАНГАЙ мадақтамамаен марапатталды, сонымен қатар мектептің үздік деп таңылған бастауыш сынып мұғалімі ТАРБАҚА ЖАНАРГҮЛ және РОЗА КАБУЛЛАЕВНА НЫҒМЕТЖАНОВНА облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына қатысып, сертификаттармен мадақталды!
17.11.2020
Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебінің 1-6 -сыныптар арасында "Отан отбасынан басталады" тақырыбында жас суретшілер байқауы өткізілді.
12.11.2020
Қараөткел №2 ОМ оқушылары Қантай Дәулет және Асылбек Ботакөз жетекшілері тарих пәнінің мұғалімі Қартабаева Әйгерім Серікболсынқызының бастауымен Нұр-Сұлтан қаласының , «Нұрсұлтан Назарбаев қорының» ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «КІМ БІЛГІШ?» интеллектуалды –танымдық халықаралық онлайн турнирден жүлделі орындармен және ноутбукпен марапатталды! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!
11.11.2020
Қараөткел №2 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Шойдонда Марияш аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» конкурсына белсене қатысқаны үшін марапатталды!
10.11.2020
Қараөткел №2 ОМ «Алтын күз» меркесіне орай ұйымдастырылған 3-4 сыныптар арасындағы «Күз келбеті» тақырыбында «Жас суретшілер» сайысы өткізілді.
05.11.2020
Пандемия кезінде алдын алу шаралары
02.11.2020
Күзгі каникул