Текст
02.02.2021
Қараөткел ауылы #2 орта мектебінде "Менің сүйікті жануарым" атты облыстық видеоролик сайысы өтті. Осы іс-шараға мектебімізден көптеген сыныптар қатысып, түрлі роликтерін жолдады. Бұл шараның мақсаты: Балалардың жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру және оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
25.01.2021
Ақмола облысы, Қараөткел №2 орта мектебінде 25.01.2021ж мен 29.01.2021ж аралығында «Бүкіл әлем нақты ғылымдар тілінде» тақырыбында қашықтықтан «МИФ» ӘБ (математика, информатика және физика) апталығы өткізілуде. Барлық білім, ғылым іздеген әріптестеріміз бен оқушыларымызға сәттілік тілеп, белсене ат салысуға шақырамыз!
19.01.2021
Қараөткел ауылы #2 орта мектебінің 1"д" сыныбының ата-анасы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастырумен өткен ""Парасатты отбасы" іс-шарасына белсене қатысып, Оразалиндар отбасы ІІІ орын иеленді. Сынып жетекшісі: Сәрсенбаева Гүлзада
13.01.2021
Қараөткел №2 орта мектебінде ағылшын тілі апталығы басталып, өз жұмысын қашықтықтан бастап кетті. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!
29.12.2020
2020 жылды артқа тастап, 2021 жаңа жылын күтіп алғалы тұрмыз. Жылда атап өтілетін " Шырша" мерекесін қашықтықтан ұйымдастырудамыз. Биыл Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы №2 орта мектебінің көп балалы, аз қамтылған тағы басқа отбасыларын қашықтықтан Целиноград ауданының әкімі құттықтап, жаңа жылдық тартуын ұсынды. Рухани көңіл сыйлаған Аудан әкіміне, ұйымдастырушыларға оқушыларымыз бен ата-аналарымыз өз лебіздерін білдірді.
24.12.2020
Қарөткел ауылы №2 орта мектебінің 3 "д" сынып оқушысы Ермұханбетов Аман жаңа жыл қарсаңына орай президенттік шыршаға онлайн шақырту алды. Мектеп әкімшілігі үйіне арнайы барып, Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың онлайн арқылы құттықтауын тыңдап, президентіміздің жаңа жылдық сыйлығын табыстадық.
15.12.2020
Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында 2020 жылғы 14 желтоқсанында "Абай әлемі" клубы ашылды. Клубтың негізгі мақсаты: Абай Құнанбайұлының даналығын, рухани асыл мұрасын насихаттау, оқушыларды Абайды тануға, өсиет сөздерінен өнеге алуға баулу. Клубты ашу рәсіміне Аудандық білім бөлімі əдістемелік кабинет меңгеруші Байболатова Майра Кауашевна, Аудандық білім бөлімінің Əдіскері Мусина Айнұр Далабаевна, мектебіміздің директоры Ислам Буянұлы, №6 орта мектебінің директоры Ахмет Айтан Қабиұлы және де оқу ісінің орынбасарлары, кітапхана қызметкерлері және клуб жетекшісі мен мүшелері қатысты. «Абай әлемі» клубының салтанатты ашылу рәсімі Байболатова Майра Қауашқызы мен мектебіміздің директоры Ислам Буянұлына табысталды.
14.12.2020
Myń bala жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
Myń bala жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
Жобаның басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп...
08.12.2020
Қараөткел 2 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 5-7 сыныптар арасында " Менің Отаным - Қазақстан! " тақырыбында "Жас суретшілер" байқауы ұйымдастырылды. Байқау жетекшісі: Анашев Ә. Б.
08.12.2020
Тұңғыш Президент күніне орай уйымдастырылған халықаралық "Бақытты бала" ән байқауына Қараөткел ауылы #2 орта мектебінің оқушылары қатынасып , жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Балгин Күнтуар Есімханұлы