Текст
19.03.2021
Қараөткел ауылы №2 орта жалпы білім беру КММ. Мектеп қабырғасында "Қош келдің, Әз-наурыз!" мейрамына арналған "Шебер қолдар" күні бірлестіктер арасында "Әшекей бұйымдар" сайысы және фотосессия ұйымдастырылды. Әшекей бұйымдар сайысының мақсаты - ұлттық қолөнерімізді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау.
19.03.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беретін мектеп" КММ 5-7- сыныптар арасында "Біз жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбы аясында жас суретшілер байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты: Жемқорлықтан аулақ жүру және қоғамға қаншалықты зиян екенін түсіндіру. Байқау бейнелеу пәнінің мұғалімі Анашов Ә. ұйымдастыруымен өтті.
18.03.2021
«Целиноград ауданының Қараөткел № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 17-наурызда «Тарихқа тағзым» күні аталып өтті. Осыған орай Жамбыл Жабаевтың 175- жылдығына арналған 8 «г» сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының барысында оқушылар жыр алыбы Жамбыл атамыздың өмір жолымен, еңбектерімен танысты. Балалар, сабақ барысында автор шығармаларына тоқталып, ой бөлісті.
18.03.2021
"Целиноград ауданы Қараөткел №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ 7 "ә" сыныбында "Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты арттыру; Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Байболина Ж.Р.
18.03.2021
2021 жылдың 18 наурызында Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебі 9 сынып оқушыларының «Білім алушылардың білім жетістігінің мониторингіне» дайындығы және білім деңгейлерін анықтау мақсатында байқау тестілеуі ұйымдастырылды.
17.03.2021
"Целиноград ауданы Қараөткел ауылыN2 жалпы білім беретін мектебі" КММ 22 -наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың бірі 16-наурыз " Шежіре күнін" 2"ә" сыныбында Райхан Зиятқызы мен 2"г" сыныбында Маржан Серікқызының ұйымдастыруларымен сынып сағаты жоғарғы дәрежеде өткізілді. Ұлттық киім киген оқушыларымыз мерекеге байланысты тақпақтарын, ән мен би шашуларын тарту етті.
16.03.2021
"Целиноград ауданы Қараөткел ауылы# 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ 22 -наурыз мерекесіне жоспарланған 16- наурыз "Шежіре күнін" атап өтудеміз. Індеттің алдын алу сақтық шараларын қатаң сақтай отыра, құрылған жоспар бойынша дәстүрлі іс-шаралар қолға алынды. Басталуы мектеп директоры И.Буянұлының құттықтауымен ұласып, әжелер шырқаған әнімен және бата алу рәсімімен мерекелік іс-шаралар өз жалғасын тапты.
16.03.2021
15.03.2021 күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел № 2 орта мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде қашықтықтан тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар тақырыбы: « Қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерініен қашықтықтан оқыту барысында БЖБ, ТЖБ жұмыстарын электронды құрылғыларда әзірлеудің және өткізудің тиімді жолдары» Мақсаты: Бөлімдік жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және тиімді өткізуде тәжірибе алмасу. Семинарды мектеп директоры Буян С, аудандық ББ әдіскері Мусина А.Д. ашып, мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сатыбаева Б.К тәлімгерлік жетекшілігімен педагог-сарапшы Тутан Жайнар қазақ әдебиеті пәні 10-сынып (ЖМБ), педагог-модератор Мұрындық Дәстүр қазақ тілі пәні 5-сынып ІІІ тоқсан бойынша БЖБ,ТЖБ жұмысын көрсетті.
16.03.2021
Қараөткел ауылы 2ОМ 3 «Д» сынып оқушылары арасында «Жеті ата» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Мақсатамыз: әрбір балаға өзінен бастап жеті атасына дейін аты—жөнін меңгерту. Сынып оқушылары бұл бастаманы қолдап,өз қызығушылықтарын, белсенділіктерін байқатты. Сынып жетекшісі: Ныгманбекова Динара Бауыржановна
10.03.2021
"Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-11-сыныптар арасында құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында ұл балалар жиналысы өткізілді. Мұндағы мақсат қазіргі таңдағы жас өспірімдер арасында болып жатқан жат қылықтардан аулақ болу.