Текст
20.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ 5 "А" сынып оқушылары "Туған жерім" облыстық сырттай бейнероликтер байқауына белсенді қатысуда. Осы іс-шара барысында балалардың қоршаған ортаға эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу, туған жерге деген патриоттық сезімін, табиғатқа қамқор болу қасиеттерін дамыту қолға алынды. Сынып жетекшісі: Сатыбаева Бакытгуль Калибаевна
20.04.2021
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»-дей келе 3"в" сыныбының оқушылары "Отбасындағы дәстүрлер" тақырыбы бойынша видеоролик жасады. Сынып жетекшісі: Тунгушбаева Сайран
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ Отбасы - адам баласының өсіп-өнер,қанат қағар ұясы, алтын бесігі.
Отбасы - ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән берген. «Әке көрген оқ жонар,...
19.04.2021
ХАБАРЛАНДЫРУ! Қараөткел ауылының № 2 ОМ бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Өтініштер онлайн форматта egov.kz сайты арқылы қабылданады. Балалар қазақ және орыс сыныптарына қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: • Ата-аналар өтініші ; • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; • 3*4 көлеміндегі фото;
19.04.2021
Сәуір айының 14 күні бастауыш сыныптар арасында пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 4 сыныптан 9-оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары бес пән бойынша: дүниетану, жаратылыстану, қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндері бойынша өтті.
19.04.2021
Сәуірдің 19 күні мектебімізде PISA – 2020 халықаралық зерттеу жобасының апробациялық кезеңі өтті. PISA (Халықаралық зерттеу, мбілім беру саласындағы ең ауқымды халықаралық зерттеулердің бірі). Зерттеу барысында 15 жастағы білім алушылардың өмірге қаншалықты дайын екендігі бағаланды. Оған мектебімізден 15 жасқа толған 35 оқушы қатысты.
19.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар! Өйткені құстар - біздің досымыз! Габдулина Асият Қайроллақызының жетекшілігімен 4"а" сыныбының оқушылары эстафетаға өз үлестерін қосты.
19.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ Тәрбие саласының жоспарына сай "Құстар біздің қанатты досымыз" атты өлең оқу эстафетасы өтті. 4"Е" сыныбының оқушылары іс-шараға белсене қатысып, өлеңді мәнерлеп оқыды. Осы іс-шара негізінде көктем мезгіліне байланысты құстарға қамқор болу адамгершілік тәрбие тұрғысынан оқушыларға түсіндірілді.
19.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ 2"В"сынып оқушыларының "Құстар біздің қанатты достарымыз" атты өлең оқу эстафетасын назарларыңызға ұсынамыз. Сынып жетекшісі: Меруерт Ержанқызы
🌴 Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.
Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен...
15.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N 2жалпы білім беру" КММ Сақтық шараларын сақтай отыра, ата-аналар жиналысы өткізілді.Мектеп директоры Ислям Буянұлы жиналыста жалпы оқушылардың оқу үлгерімдері мен негізгі тәртіп және де көктемгі су тасқынының қауіпсіздіктеріне тоқталды. Мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатары айтылды.Ата-аналар арасынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, жасалып жатқан іс-шараларға ата-аналар тарапынан алғыс айтылды.
14.04.2021
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Атаева Дана Балтабаевнаның ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында информатика пәніне қызығушылығы бар оқушыларға арналған «Робототехника» клубы жұмыс атқарады. Клуб мүшелерімен роботтар жасау, 3D принтердің құрылысы және онымен жұмыс істеу дағдыларын талқылайды. Оқушылар барлық практикалық тапсырмаларды өздігімен орындап, түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысуда.