Текст
14.05.2021
Бастауыш сынып мұғалімі Бакиршикова С.А аудандық Үздік педагог сайсына қатысып белсенділік грамотасымен марапатталды.
14.05.2021
12 мамыр күні Оқу мен оқытуды жақсартуда оқушы уəжін арттырудың тиімділігі тақырыбында коучинг өтті. Коучингті өткізген дғəо Наушабекова Г А өткізді. Коучингқа мектебіміздегі сегіз ƏБтен пəн мұғалімдері қатысты. Коучинг барысында мұғалімдер іс тәжірибемен бөлісіп пікірлерін ортаға салды.
14.05.2021
Целиноград аудан" Қараөткел ауылы N 2 жалпы орта білім беру"КММ. Оқушыларымыздың жазғы демалысында жол қауіпсіздігін қатаң сақтасын, демалыстары сәтті өтсін деген мақсатпен ауылымыздың учаскелік полиция инспекторлары: Полиция аға лейтенанты- Каленов Ф.Е мен полиция майоры- Ауганбаев Р.К оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сақтық шаралардың барлық түрлеріне тоқталып өтті. Атап айтар болсақ: суға шомылу, түнгі жүріс, жаман әдеттерден аулақ болу т.б ескертулер жүргізілді.
13.05.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ "Жас Қыран", " Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау болды. Ұйымның мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына беріктік және де Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершіліктерін арттыру. Аға тәлімгер: Әмірханова. Н.Ш.
06.05.2021
Қараөткел №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ кітапханасында "Ұлы жеңіс - жасасын!" атты 9 мамыр жеңіс күніне орай көрме қойылды. Көрмеге Тарихта ерлігімен аты қалған батырларымыз туралы мәліметтер қойылды. Сонымен қатар мектеп оқушыларының өз аталары туралы жинаған мәліметтері, портреттері қойылды, оқушылар мақтанышпен өз аталарының ерлігі туралы айтты.
06.05.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ 04 сәуір күні 2-сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, 2-сынып оқушылар арасында, "Отан қорғаушылар"күніне орай "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2021" атты сайысы өтті. ⠀Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. 2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. 3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Ұйымдастырушы: Меруерт Ержанқызы
05.05.2021
27.04.2021ж. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінен әндер мен өлеңдер сайысы өткізілді. Сайыс қашықтықтан ZOOM форматында Қараөткел ауылының №2 ЖОББМ өткізіліп, аудан көлемінде 106 оқушы қатысты. Соның ішінде 8-оқушы Қараөткел №2 ОМ сайыскерлері. Нәтижесінде мектеп оқушылары бас жүлде, І,ІІ орындарды иеленді. Бас жүлде – Оңалбай Айша І орын – Серікбай Жанбота ІІ орын – Октябрь Даниял ІІ орын – Сүлейменова Ж, Ерханова Венера.
05.05.2021
5 Мамыр 2021 жылы Қараөткел ауылының №2 ЖОББМ Ұлы Отан Соғысының 76-жылдығына орай, орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Садвакасова Ақерке Қалихановнаның жетекшілігімен «Ардагерлерге тағзым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мектебіміздің 2, 5,11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ҰОС мерт болған ардагерлерімізді еске алды. Мектеп оқушылары Қараөткел ауылының орталық алаңында орналасқан «Ер есімі- ел есінде» атты ескерткішке барып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
05.05.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ 26-30 сәуір аралығында тәрбие саласы бойынша жоспар бойынша 3-4 сынып оқушыларымен тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай "Қазақ халқының ұлттық құндылықтары" атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Жалпы барлық сынып оқушылары қызығушылықпен ат салысты.Көрмені ұйымдастыру барысында ата-аналарда өз үлестерін қосты. Ұйымдастырған:Бастауыш сынып мұғалімі Махметова М.А.
04.05.2021
Қараөткел ауылы №2 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Сатыбаева Бақытгүл Қалибайқызы мұғалімдер үшін «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс» тақырыбында коучинг ұйымдастырып өткізді.