Текст
27.09.2021
17 қыркүйек күні Қараөткел ауылындағы №2 ОМ КММ мектеп кітапханасында " ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы. "Тілдердің үштұғырлығы"бағдарламасы шеңберінде тіл саясатын іске асыру. Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігіне арналған 9 сынып оқушылары арасында заманауи қоғамда денсаулық сақтауды өзектендіру" тақырыбында семинар өтті.
17 қыркүйек күні Қараөткел ауылындағы №2 ОМ КММ мектеп кітапханасында " ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы. "Тілдердің үштұғырлығы"бағдарламасы шеңберінде тіл саясатын іске асыру. Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігіне арналған 9 сынып оқушылары арасында заманауи...
25.09.2021
"Nur Otan"партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТІ" байланыс орталығы бар
24.09.2021
Қараөткел N2 ЖОББМ 23 қыркүйек күні 8-11 сыныптарға Құзырлы органдардың жіберілген "Нашақорлық және жемқорлық" тақырыптары бойынша видеороликтері көрсетілді. Тақырып негізінде оқушылар нашақорлық денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсініп, өз ойларын ортаға салды.
24.09.2021
Мектеп оқушыларының парасаттылық қасиеттерін ұлғайту мақсатында "Адалдық сағаты" өткізілуде. Өткізіліп жатқан шараларда Мəлік Ғабдуллин батырымыздың өмірлік ұстанымы, адамгершілік қасиеттері жайында кеңінен мәліметтер алды.
23.09.2021
Қараөткел ауылының № 2ЖОББММ "Қазақстан халықтары тілдері" апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері сыныптан тыс іс-шаралар , дөңгелек үстел, дебаттар, сынып сағаттарын өткізді.
22.09.2021
Бала қауіпсіздігін алдын алу бойынша " Электр энергетикасы туралы" түсініктеме жұмыстар жүргізілді. Арнайы сабақтан тыс тәрбие сабақтар қойылды. Атап айтар болсақ 2"ә" сыныбында сынып жетекшісі Досмағанбетова К Ж оқушылармен керібайланыс жасай отырып оқушыларға сақ болу шараларын үйретті.
16.09.2021
Қараөткел ауылы N 2 ЖОББ КММ-де қауіпсіздіктің алдын-алу жұмыстары бойынша бейнебақылауды арнайы бақылаушы Бухабаева Н.С бақылау жүргізеді. Онда мектеп сыртын, мектептің ішкі тәртібіне назар аударады.
16.09.2021
Қазақ халқы қашаннан қыз баланың тәрбиесіне жіті назар аударып, қызды нәзік деп құрметтеген. Қыздың ибалы, инабатты, ісмер, сыпайы, қылықты етіп өсуіне үлес қосу мақсатында Қараөткел ауылы N 2 ЖОББ ММ-нің " Арулар" атты қыздар клубына жиналыс болып өтті. Жиналыс барлық карантин режимін сақтай отырып өткізілді. Қыздарға мектептің ішкі тәртібі мен ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша сөз қозғалды.
09.09.2021
"Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беру" КММ-нің мектебінде республикалық "Абайлаңыз, балалар!" атты жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. Мақсаты: Жол-көлік жарақаттануының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау.
09.09.2021
2021-2022 оқу жылымен барша оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз. Қараөткел ауылының №2 ЖОББМ 1-қыркүйек күні ерекше аталып өтілді, биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын 199 оқушы аттады. Бүлдіршіндерге алдағы оқу жылына талмас талаптар тілегіміз келеді