Текст
02.12.2021
Ақмола обылысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2ЖОББММ 3Бсыныбындағы өткен "Елін сүйген,елі сүйген елбасы" тақырыбындағы сынып сағаты өтті. Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы толық мәлімет бердім. Оқушылар Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушы жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Оқушылар ел басы туралы тақпақтар, және суреттер салып, өлеңдер айтып сұрақтарға жауап берді. Сынып жетекшісі: Тогтамыс Аяжан
02.12.2021
Анықтама Қараөткел № 2 ЖОББ мектебі КММ Кітапханасында 1желтоқсан Елбасы мерекесіне орай «Ғасырдың ғажап азаматы» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеде Елбасының өмірбаяны, атқарған қызыметі, балалық шағынан қысқаша мәліметтер қойылды. Көрмемен мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары танысты. Сонымен қатар 5 «Г» сынып оқушылары келіп көрме алдында ой бөлісіп, Елбасының балалық шағына саяхат жасады. «Назарбаевтай болғым келеді» атты жинақпен танысты.
02.12.2021
2 ЖОББ мектебі КММ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазастан. Ұлы дала Тәуелсіз елі» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеде Қазақстаның 30 жылда жеткен жетістіктері, тәуелсіздікті жырлаған ақын жазушылардың өлеңдері қойылды. Көрмемен мектебіміздің 7 сынып оқушылары танысып, көрме алдында ой бөлісті.
25.11.2021
"Жалпы адамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани адамгершілікке тəрбиелеудің негізі" тақырыбында Қараөткел ауылы N2 ЖОББ ММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерімен бірлескен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел сұрақтар арқылы өрбіп,пікір таласпен ұласты. Жалпы адамның құндылығын айта отырып педагогикалық әдеп туралы да сөз қозғалды.
23.11.2021
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты 8 "б" сыныбында конференция сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылықсыз өмір туралы мағлұмат беру, зорлыққа қарсы біздің елде заң бар екенін айту Оқушылардың өздері жүрген ортада мейірімді болуға, әдепті болуға, бұзақылық іске бармауға тәрбиелеу. Негізгі бөлімде: мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Балалар құқығын қорғау -білімді ұрпақ келтіреді. Қорытынды бөлімде: сауалнама алынды. Сынып жетекшісі Муханова Қ.У
19.11.2021
Қараөткел ауылы #2 жалпы орта білім беретін мектепте "Кәусар" бастауыш сынып бірлестігінің жоспарына сай шебер-сынып өткізілді. Тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектеп пәндері бойынша сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру. Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлауда тәжірибелік-мәселелік әдістерді қолдану тәсілдерін көрсету. Өткізген: Шойдонда Марияш.
08.11.2021
26.10.2021 ж Қараөткел ауылы # 2 ЖОББМ 1 б сыныбында " Перестановка слагаемых" тақырыпта математика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Габдулина Асият Кайруллиновна
08.11.2021
Қараөткел №2 жалпы білім беретін мектебі. 03.11.2021ж Бастауыш бірлестігінің отырысы болып өтті. "Қазіргі білім жүйесінің мақсты немесе менің сабағымдағы артықшылықтар мен кемшіліктер" аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жақсы көңіл-күй орнату мақсатында "Жақсы тілек білезігі" тренингімен басталды. Мұғалімдер өз сабақтарына презентациялар жасап, тапсырмалар орындап,өз ойларын әр-түрлі ойындармен қорытындылады.
08.11.2021
Қараөткел 2 жалпы орта білім беретін КММ- нің 1е сынып ата- аналармен жоспар бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы "Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас". Мақсаты:қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,тиімді қарым-қатынас орнату.
08.11.2021
26.10.2021 Қараөткел ауылы /2ЖОББМ бастауыш сынып ұстаздары ауданда өткізілген Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған спектакльді тамашалап қайтты. Сол жерде Қажымұқан атамыздың немересімен жүздесіп естелік суреттеріне түсті.