Текст
22.02.2022
Анықтама Қараөткел ауылы 2 мектеп гимназиясының 3 "А" сынып оқушыларымен " Жолда жүру ережесі" тақырыбы бойынша жол белгілерін есте сактау мақсатында кауіпсіздік ережесі түсіндірілді. Оқушылардың сұрақ жауаптары тыңдалып, жол қауыпсіздігінің алдын алу шаралары көрсетілді. Сынып жетекшісі: Абилханова Алимкуль
22.02.2022
Қараөткел мектеп-гимназиясының үгіт бригадасы "Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік" тақырыбында 5-6 сыныптарға үгіт сабақтарын жүргізді. Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Үгіт бригада жетекшісі Амирханова Н.Ш.
22.02.2022
"Тарихты білу өзіңді тану" Өскелең ұрпаққа тарихтан сыр шерту, қанша қиын қыстау өмірді бастан кешседе мойымаған өз ұлтына деген мақтаныш патриоттық сезімін ояту мақсатында мектеп тәлімгерінің жетекшілігімен мектебіміздің өзін- өзі басқару ұйымының оқушыларын АЛЖИР мұражайына апардық. Қасірет қақпасынан кіргеннен бастап оқушылар ерекше сезімде болды. Олар өздерінің алған әсерлерін өз сыныптастарымен бөлісуге асық екендерін айтты. Ұлт үшін еш қайырым күтпей еңбек еткен ұлы тұлғаларымыз үшін олардың отбасы үшін бас иеміз. Оқушылар еліге қызмет ету өзіңе қызмет ету екенін түсінгендей. Сонымен қатар өздерінің қазіргі тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандарына шүкіршілік айтып бұл тәуелсіздіктің баға жетпес байлық екенін ұғынғандай. Мектеп тәлімгері Съезхан Нұршаш
18.02.2022
17.02.2022 ж Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 7-9 сыныптар арасында "Жүз жыл жыры " мәнерлеп оқу сайысы өтті. Нәтижесінде І орын 7б сынып оқушысы Бошай Аяжан. ІІ орын 8 ә сынып оқушысы Ережеп Мадина. ІІІ орын 8 д сынып оқушысы Алмасқызы Фариат иеленді. 9 в сынып оқушысы Болатұлы Асылханға дауыс ерекшелігін ескере отырып атсалысқаны үшін алғыс хат берілді. Жеңімпаздар мадақтамамен марапатталып тәтті сыйлықтар алды. Барлық атсалысқан қатысушыларға ынталандыру мақсатында тәтті сый берілді.
17.02.2022
Анықтама Қараөткел мектеп – гимназия кітапханасында қазақтың лирик ақыны М. Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағалимен сырлау» атты әдеби эстафета, сонымен қатар «әдеби джем» ойыны өтті. Мақсаты ақынымыздың шығармашылығын насихаттау, оқырман қауымды таныстыру. Мектеп кітапханашысы Сулейменова А.У, Утеева А
17.02.2022
Бүгін 14-22 ақпан 2022ж аралығында Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңі өтілуде. Аудандық олимпиада Целиноград ауданы бойынша "Қараөткел мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылды. 2-3 күннен бері жүйелі түрде өтіп жатқан пәндік олимпиадаға "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Нұркешов Тимур Сейтқажыұлы келді. Олимпиаданың өту барысымен танысып, қатысушы оқушыларына сәттілік тілеген Н.Т.Сейтқажыұлы пән жетекшілерімен де пікірлесіп дидарласты.
17.02.2022
Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясының 8 "А" сынып қыздарымен отырыс ұйымдастырылды.Күн тәртібінде ,"Ерте жеткіліктің алдын алу,,, "Түнгі жүріс", қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болу тақырыбында ой өрбіді. Жиналысқа қатысқан тәрбие ісі меңгерушісі Бухабаева Надежда Серікқызы мен сынып жетекшіс і Түсіпбекова Орынтай Темирболатқызы. Жиналыс 16.02.2022 күні ұйымдастырылды.
17.02.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 14 ақпанында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі басталды.
17.02.2022
Қараөткел ауылы мектеп - гимназиясында, 8-11 сынып ер балалар арасында Құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді, Негізгі басты мақсат, елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардан аулақ жүру, айта кетсек: Түнгі жүріс, ұрлық, күш көрсету, ақша бопсалау, себепсіз сабақ қалдырмау, т.б жат қылықтардан сақтанып жүру жайында ескертулер жасалды.
17.02.2022
№2 мектеп-гимназиясы. "KEMEL" өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен балабақша және мектеп оқушылары арасында - 5"Ә" сыныбындағы Арсенқызы Жанель "Ғажайып қыс" атты конкурсына қатысып, өзінің өнерін асқақтатып, шығырмашылық қабілетін көрсетті. "Ғажайып сурет" номинациясы бойынша I-ші дәрежелі, "Эссе" номинациясы бойынша III-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық байқауға дарынды шәкірт дайындағаны үшін, Абдиева Гулмира Тұрдалықызы - дипломмен марапатталды.