Текст
30.03.2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Кітап оқуға 20 минут» атты іс шара. Мақсаты:Оқырмандардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқуды оқушы үшін тартымды ету.Оқу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорын байыту. Іс-шараға 2 сынып оқушылары қатысты. Сабақтың барысында «Мақта қыз» ертегісі таңдалып алынды. Оқырмандар ертегінің видеосын көріп, ертегі желісімен сурет салды.Сол салған сурет арқылы ертегі мазмұны айтылды. Оқушылармен келесі жолы тыңдалатын, оқылатын ертегі таңдалды.
24.03.2022
Конкурс жариялау
Конкурс жариялау
«Ақмола облысы білім басқармасы Целингорад ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел аулы № 2 ЖОББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалім мамандығына конкрус жариялайды. Орыс тілі мен әдебиеті ...
23.03.2022
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында ұжымды таңғы несібемен қарсы алғаннан кейін жалғасын түстен кейін Этно ауылдан тапты. Жалпы мектеп ұжымы ауылдарға бөлініп мектеп асханасында жоғары деңгейде қазақы ұлттық салт дәстүр, ұлттық ойындар мен түрлі өнерлер көрсетіп, Наурыз батасын алды. Мектебіміздің басшысы Ислам Буянұлы мен ұстаздардан құрылған домбырашылар оркестрі күй ойнап шырқата ән салды. Ұжымыздің бірлігі ажырамасын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.
23.03.2022
Мектебімізде Әз - Наурыз мерекесін қарсы алу тәрбие жоспарына сәйкес тәрбие сағаттарынан кейін қасиетті жұма күнінің ақ таңында ұжымды таңғы несібе қымыз бауырсақ пен ұлттық аспаптарды шырқата отырып қарсы алумен басталды. Ұстаздарға Ұлыстың ұлы күніне ақ бата мен ақ тілектерді жолдай отырып қобыз, жетіген, домбыра үндерін шырқатты. Көрші мектептер Қараөткел 1 ЖОББМ және Қаражар мектебі басшылары Наурыз мейрамы мен құттықтап ақ тілектерін айтты. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, бәле жала жерге енсін.
20.03.2022
Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурызды қарсы алу щарасы тәрбие жоспарына сәйкес Алғы айту күнінен бастап " көрісу" мерекесі " Наурыз жыл басы" мейрамымен қамтып аталып өтуде. Жоспарға сәйкес бастауыш буын ортаңғы буын, жоғарғы сыныптарға тәрбие сағаттарының тақырыптары бөлініп берілген еді. Сол жоспар аясында бастауыш буынның ұлттық сусындар, ұлттық киімдер, ұлттық ойындар, Ұлттық тағамдар ауылының тәрбие сағаттарын мектеп әкімшілігі аралап шықты. Бір ауыздан тәрбие сағаттарына жоғары деңгейде өтті деген баға берді. Сонымен қатар мектебімізде оқушылар ұстаздар ұлттық киімде жүрді. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымыз. Қазақ елінің мәртебесі биіктей берсін. Саналы да салихалы ұрпағымыз көп болсын.
20.03.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында "Әз-Наурыз - Ұлы дала тойы" атты Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай іс-шара болып өтті. 1 "Д", 1 "Е", 2 "Е" сынып оқушылары "Ұлттық сусын түрлері" тақырыбында мол мәлімет бере алды. Іс-шара барысында ұлттық сусындар таныстырылып, олардың қасиеттері аталып өтілді.
03.03.2022
Конкурс жариялау
Конкурс жариялау
«Ақмола облысы білім басқармасы Целингорад ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел аулы №2 ЖОББМ» КММматематика пәні бойынша мұғалім мамандығына конкрус жариялайды. Математика мұғалімі лауазымына кемінде үш жыл...
28.02.2022
Шежіре әдістемелік бірлестігі апталығының ашылуы
28.02.2022
24.02.2022 жылы күні Қараөткел №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылар мен ұстаздары «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының шақырумен шығармашылық кеш өткізіп қайтты. Іс-шара барысында оқушылар А.С. Пушкин, Ф.И.Тютчев шығармаларын, өлеңдерін оқыды. Қызмет алушыларға шағын сыйлықтар сыйлады. Іс-шараны ұйымдастырып өткізген орыс тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садвакасова А.К, бастауыш сынып мұғалімдері Негметжанова Р.К, Бакиршикова С.А және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Умурбеков Н.М, Ерназимов А, Борибеков Н.А, Самауат М.
27.02.2022
Мектебімізде тәрбие жоспарына сәйкес "Ауған асуларында от кешкендер" тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесу мектеп кітапханасында өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Сулейменова Айгул апай арнайы ауған соғысынан мол мағұлмат беретін көрме жасады. Кездесуге Сатбаев Қайратбек Аманжолұлы Тохмағанбетова Бешенгул апа және Керкеев Ерболат Тілеужанұлы шақырылды. Соғыс ардагерлері көзбен көрген жүрекпен сезінген соғыс зардаптарымен оқушылармен бөлісті. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Ардагерлер сұраққа жауап бере отырып оқушыларға тәрбиелік маңызы зор кеңес берді. Ардагерлердің әр сөзінен әсер алған оқушылар көңіл толқынысын жан тебреністерін жасырмады. Ардагерлерге мақтанышпен қарады. Ал он баланың анасы қаһарман ұл қыз өсірген сұм соғыста ұлынан айырылған Бешенгүл апаны нағыз батыр ана деп білетіндерін айтты. Батырларымыздың ерлігі ешқашан өшпейді, аты өлмейді. Қашанда жадымызда, өскелең ұрпақ сіздермен мақтанады. Барлық ардагерлер рухына бас иеміз.