Текст
27.09.2022
Балалардың жыныстық қолсұғушылық мәселелері бойынша ата-аналарға арналған жадынамалар.
27.09.2022
Баланың өмір қауіпсіздігі бойынша жадынамалармен таныс болыңыздар, құрметті ата-аналар!
21.09.2022
Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясында "Тілдер мерекесінің ашылуы өтті. Онкүндікті мектеп оқу ісінің меңгерушісі құттықтау сөзімен бастады. Өтетін іс-шаралармен жүргізуші шәкірттеріміз таныстырып өтті. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Ақындарымыздың өлеңдерінен оқушылар мәнерлеп оқыды. Үш тілде өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдер айтты. Домбырада ән шырқалып, би биледі. Еліміз тыныш болып, ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
30.08.2022
Для жителей села Караоткель Целиноградского района Акмолинской области Школа - гимназия села Караоткель Целиноградского района Акмолинской области объявляет набор документов учащихся казахских и русских классов, обучающихся в 1-11 классах школы – гимназии № 69 г. Нур-Султан
09.08.2022
Құрметті оқушылар мен ата-аналар ! Әрбір бала қажеттілік туындаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 111 шұғыл қызметі телефонына хабарласа алады. Баланың және оның ата-анасының бұл нөмірге ұялы және қала телефондарынан хабарласу арқылы кез - келген уақытта көмек алуға мүмкіндіктері бар.
09.08.2022
«Ақмола облысы білім басқармасы Целингорад ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел аулы мектеп- гимназиясы» КММ информатика пәні бойынша мұғалім мамандығына конкрус жариялайды. Информатика пәні мұғалімі лауазымына кемінде үш жыл өтілі немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі болуы қажет. Қосымша ақпарат. Информатика пәні бойынша - 12 сағат Лауазымдық еңбек ақы мөлшері жұмысқа қабылданушының еңбек өтілі, біліктілік санаты және қосымша ғылыми дәрежесіне сәйкес есептелінеді. Білім беру сыныптары 1- 11сынып аралығы. Қазақ тілінде білім алатын сыныптар үшін. Конкурс 2022-2023 оқу жылының соңына дейін уақытша информатика пәні мұғалімінің бос лауазымына жаяраланды. (информатика пәні мұғалімінің декреттің демалысқа кетуіне байланысты) Мекен жайымыз: «Ақмола облысы, Целингорад ауданы, Қараөткел аулы, Кенесары хан көшесі 2 Д. Жұмыс телефоны 87165146071.Эл почта kazsholl@mail.ru Қажетті құжаттар тізімі: 1. Жеке басын басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат); 3. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 4. Кадрларды есепке алу парағы және фото; 5. Қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме; 6. Қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда); 7. Бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 8. Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; 9. Біліктілікті арттыу, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда)
04.08.2022
1 тамыз - 30 қыркүйек аралығындағы "Мектепке жол" дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өтетіндігін хабарлай отырып, ауыл халқын акцияға белсене қатысуға шақырамыз!
03.08.2022
ХАБАРЛАНДЫРУ ! 2022 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» қайырымдылық акциясының басты мақсаты – өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған жыл сайын өткізілетін жалпыға міндетті оқумен толық қамтудың кезекті «Мектепке жол» акциясын жариялайды. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының белсендісі бол!
03.08.2022
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №6-15-2/3135-И хаты негізінде 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек күндері аралығында «Мектепке жол» Республикалық акция өтетінін хабарлайды. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған министрліктің бастамасы "Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі. Аталмыш шараның мақсаты: балалардың жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын –алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан, «Мектепке жол» акциясына үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырамыз. Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясының Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы М.К. Сыздыкованың белсенділігімен мұқтаж отбасыларға әрдайым көмек жасалып жатыр. Қамқоршылық Кеңестің отырысында «Мектепке жол» акциясының жоспары мен алдағы атқарылатын жұмыстары талқыланды. Бірлесіп жақсылық жасап, белсенді болайық!
30.06.2022
"Балаларды білім беру объектілеріне тасымалдау кезіндегі қауіпсіздігі" туралы мақаланы әлеуметтік желілерге жариялауды қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
«Балаларды білім беру объектілеріне тасымалдау кезіндегі қауіпсіздігі»
Мектеп автобусымен балалар мектепке қаншалықты қауіпсіз жетеді? Барлық шаралар мен талаптар, соның ішінде көлік құралының техникалық жағдайына, ақырында, денсаулық жағдайына және...