Текст
01.03.2023
Мектебімізде өзін өзі басқару ұйымының Ұшқыр ойлар фракциясының ұйымдастыруымен "ХХІ ғасырдың қазақ қыздары қандай болуы керек" тақырыбында кіші топтар арасында пікірталас өтті.
01.03.2023
17.02.23ж күні Қараөткел мектеп-гимназиясында 6 “Д” сынып ұлдары арасында “ Ұлың жақсы болса-мың бақыт” атты ұлдар отырысы болды. Отырысқа мектебіміздің тәрбие - ісі меңгерушісі Балгин К.Е., мектеп психологі Салкымбаев С.Б. , дене шынықтыру пәні мұғалімі Борибеков Н., мектеп медбикелері қатысты. Отырыс барысында ұл балалардың бойындағы адамгершілік қасиетін нығайтып, құқық бұзушылықты алдын алып, жеке бас гигиеналары, мінез-құлық қалыптасу жайлы әңгімелер қозғалды. Отырыс барысында тақырыпқа сай видеороликтер көріп, ұл балалар өз ойларың ортаға салды. Отырыс соңында “ Қазақ жігіттері” атты караокемен ән айтылды. Отырыс әлі де өз жалғасын табады… Сынып жетекшісі: Онгарбаева П.Б.
31.01.2023
Қараөткел ауылы "Сиқырлы қылқалам " сурет үйірмесінің оқушылары ағашты күйдіру арқылы "Жаңа жыл", "Қыс" тақырыптарына суреттер салды. Бұл техникамен сурет салу , қауіпсіздік шарасын қолдануды қажет етеді. Ағашқа көркемдеп сурет салу, әсіресе ұлдарға қызық болды. Ерекше, әдемі, қызықты суреттер шықты.
31.01.2023
Бүгін мектебіміздің Өзін өзі басқару ұйымының жиналысы өтті. Жиналыста мектеп президенті Тұрсынбек Айберген мен орынбасары Қуанбек Ақерке Өзін өзі басқару ұйымының І жарты жылдық жұмыс есебін берді. Және алдағы үшінші тоқсан жұмыс жоспары мен таныстырды. Сонымен қатар өзін өзі басқару ұйымының фракцияларының жұмысына жеке тоқтала отырып, әр фракция жұмысына баға береді. Еріктілер клубы қатарынан үздік белсенді жұмыс істеп жүрген оқушыларды фракция мүшелері етіп тағайындап, арнайы ұйым галстугын табыстады.
05.01.2023
Қараөткел ауылы мектеп - гимназиясының 9- сынып оқушылары мен тарих пәні мұғалімдері ертедегі Бозоқ қаласын зерттеп жүрген археолог ғалымдармен кездескенбіз. 19.12.2022 жылы мектеп оқушылары Бозоқ қаласының тарихымен танысып, туризмге негізделген жұмыстармен таныстық. Болашақта үлкен де маңызды туризм орталығы болатынын білдік. Туризм үйірмесінің қатысушыларымен әңгімелесу отырысы өтті. Көрсетілген суреттер бойынша оқушылар қызықты мәліметтер айтты.
05.01.2023
Құрметті ата-аналар! Мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске саламыз! Өзіңізге және балаларыңызға қамқорлық жасаңыз!
05.01.2023
09.12 . 2022. Мектебіміздің 8 сынып оқушыларынан құралған "Болашақ.kz" Жайдарман құрамасы Оразақ ауылы орта мектебінде ұйымдастырылған "Көңілді жастар" Жайдарман ойынына қатысып жүлделі 3 орынды иеленіп қайтты. Ұйымдастырушыларға және Оразақ орта мектебінің ұжымына алғысымыз шексіз. #өзінөзібасқару #балаларжылы2022 #aqmoedu #tselinograd_band
05.01.2023
Бүгін 5«в» сыныбында Тақырыбы: «Өрт – тілсіз жау» атты тәрбие сағаты өтті . Онлайн форматта. Мақсаты: өрттің шығу себептерімен таныстыру; экстремалды жағдайда өзін дұрыс ұстауды және жылдам әрекет етуді үйрету. Әдісі: әңгімелесу, мысал келтіру, видео көрсету. Балаларға аязды күні пештен абай болуды өрттің алдын алу жолдары түсіндірілді. Өрт тілсіз жау , сақтық шаралары айтылып балаларға түсіндірілді. Өртті сөндіруден гөрі, оны болдырмау оңай. Сондықтан, сіздерді осы сабақта айтылған кеңестерді күнделікті өмірде қолдануға шақырамын. Ең жақсы қорғаныс – қауіпсіздік ережелерін білу және қатаң сақтау.
04.12.2022
• Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 28-қарашадан 2-желтоқсан аралығындағы сынып сағаттарды «Ұрлық- түбі қорлық» тақырыбын жоспарладық. Сол жоспар негізінде 6 «а» сыныбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Төкен Ғазиза оқушыларға тақырыпқа сай видео роликтер көрсетіп, сабақтың соңын оқушылардың қорытынды ойларымен аяқтады. Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндірді.
04.12.2022
Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясында Өзін-өзі басқару ұйымы Құқық фракциясы және “Адал ұрпақ” клубы “Біз сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүреміз”тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін және экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектеп, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендететінін атап көрсету. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру маңыздылығын түсіндіру. 30.11.2022ж жоспарға сай Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие жұмысы жүргізілді. Мектеп тәлімгерлері: Әмірханова Н.Ш Съезхан.Н