Текст
25.10.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы. 19.10.2022 ж "25 қазан Республика күні" 5-7 "Д" сыныптары арасында плакаттар сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.Қ. Аманжолов "Не деген бақытты едің, келер ұрпақ деп жырлағандай біздер тәуелсіз елдің азаматымыз, сіздерді мемлекеттік мереке Республика күнімен құттықтаймыз! Мектеп тәлімгері: Әмірханова Нұрсұлу
25.10.2022
Мектебіміздің "Атамұра" мұражайында 25 қазан -Республика күніне орай жоспарланған " Қазақ еліна саяхат" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға 7-сынып оқушылары белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.Ұйымдастырушы жетекшіҚұсаинова А. К
25.10.2022
6 “Д” сынып оқушылары сынып жетекшілері Онгарбаева Перизат Бугубайевнамен Күзгі орманға “Күз кереметін” тамашалауға серуенге барды. Оқушылар табиғаттың тамаша құбылысына тәнті болып, орман ішінде таза ауа жұтып, демалып үйлеріне оралды
19.10.2022
Бүгін мектебімізде Әділет дебат клубының ұйымдастыруымен " Ата - ана құқығынан айыру дұрыс па?" Тақырыбында дебат өтті. Дебатқа Алаш және Жалын командалары қатысты. Бас төреші мектебіміздің үздік спикері аудан, облыс дебаттарының жеңімпазы Тілектес Мақсат болды. Дебатта қазіргі замандағы баланың құқығы, Ата- ананың балаға қоятын талабы, баланың ата- анасын сыйламауы сияқты мәселелер қозғалды. Нәтижесінде оппозиция көзқарасындағы Алаш командасы жеңіске жетті.
19.10.2022
Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясында 13-қазан күні 8-9 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары жүргізілді. Онда "Электронный темекі- денсаулыққа зиян" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
19.10.2022
Қараөткел мектеп-гимназиясында «Қарттарым –асыл қазынам» айлық жоспар негізінде 5-6 сыныптар арасында «Менің асылым» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде ең үздік оқушылар таңдалды. Эссенің жазылу мақсаты – ата-әжеге деген махаббат, үлкені бар үйдің қазынасы бар демекші оқушы жазбасынан мейірімділік, сүйіспеншілік, құрмет сияқты рухани қасиеттерді дамытып, қалыптастыру болды. Байқаудың қорытындысы бойынша 6 «Г» сынып оқушылары Русланқызы Аянат, Жәдігер Томирис,Сансызбай Толғанай, Бауыржан Арай, Шернияз Сафуаяттың шығармалары үздік деп танылды. Пән мұғалімі: Бакакова Дана Серікқызы. Мұстафа Асия-5 А Сабитбек гүлназым-5 А Жетекшісі: Тутан Жайнар 6"а" сыныптарынан көзге түскендер: Ережеп Мөлдір Рау Қыдырәлі Абылай Айару пән мұғалімі Бухабаева Н.С
07.10.2022
Бүгін мектебімізде сайлау нәтижесінде жоғары дауыс жинап сайлап алынған мектеп президентінің және өзін өзі басқару ұйым мүшелерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Рәсімде мектеп президенті және өзін өзі басқару ұйымының мүшелері мектеп әкімшілігінің және өткен жылғы өзін өзі басқару ұйымының алдында ант қабылдады. Өткен жылғы мектеп президенті Тілектес Мақсат мектебіміздің жаңа президенті Тұрсынбек Айбергенге зор сеніммен Жас Ұлан ұйымының туы мен президент галстугын табыстады. Мектеп директоры Ислам Буянұлы Тілектес Мақсатқа атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, алдағы ҰБТ ға сәттілік тіледі. Және жаңа сайланған мектеп президенті мен ұйым мүшелеріне зор сенім артатынын білдіре отырып мектеп президенті куәлігін табыстады. Мектеп әкімшілігі ұйым мүшелерін құттықтап , ұйым галстугы мен куәліктерін табыстады.
06.10.2022
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалау білуге үйретуді көздей отырып, Қараөткел мектеп - гимназиясының бастауыш сынып оқушыларының ұстаздарға деген құттықтауларын жарияладық.
06.10.2022
Тарих және туризм үйірмесі бойынша Тұңғыш Президент мұражайына халықаралық сауат ашу көрмесіне 7 Б сынып оқушыларымен бардық. Мақсаты: Оқушыларды мұражайдағы жәдігерлермен таныстыру, көру, білу. Оқушылар мұражай залдарында толық болып, жақсы демалып, ерекше көңіл күйде болды. Шыққан соң аз уақыт болса да саябаққа саяхат жасап, күзгі табиғатта демалып ауылға оралдық
27.09.2022
Ата-аналар назарына! Баланың өмір қауіпсіздігін сақтайық!