Текст
13.04.2023
Қараөткел ауылы мектеп- гимназия кітапханасында «Ғарыш және Қазақстан» атты көрме қойылды. Көрмемен кітапхана оқырмандары танысып, ойларын ортаға салды . 2 "Ж" сынып оқушыларыда көрмемен танысып , өз білген мәліметтерімен бөлісті. Сынып жетекшісі: Ж.Көкқанат
13.04.2023
Тәрбие сағатының тақырыбы:Жолда жүру ережесін сақтайық! Тәрбие сағатының мақсаты: Окушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.Жол қауыпсіздігін есте сақтауға, жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету. 4"Г"сынып Сынып жетекшісі: Карабашева Маржан Сериковна
10.04.2023
Қараөткел ауылы мектеп- гимназия КММ кітапханасында 2 - сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Ертегілер елінде» атты іс –шара өтті. Іс –шараға 4 «Ә» сыныбы қатысты. Сынып жетекшісі Халиева Р.З Іс – шара барысында оқушылар ертегілердің түрлерін ажыратып, ертегілер желісі бойынша қойылған сұрақтарға жылдам жауап беріп отырды.
10.04.2023
5,6,7-сәуір күндері Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында «Жастар-2023» аудандық оқушылар спартакиадасының бағдарламасына сәйкес, аудан мектептерінің (ұлдар мен қыздар 2008-2010 ж. т.) арасында волейболдан жарыс өтті. Мектебіміздің қыздар командасы жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Томашев Бауыржан Дингазыевич.
07.04.2023
8 "Б"-сыныбында 10.03.- күні "Булинг" және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілген түсіндірме жұмысы барысынан үзінді. Сынып жетекшісі: Абсадықова Жұлдызай Мирамбекқызы.
07.04.2023
Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясы.1.04.2023ж 4 “А” сынып Ата-аналар жиналысы өтті.Ата-аналар толық жиналысқа қатысты. Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата-ана Мақсаты: 1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Міндеті: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.Сынып жетекшісі:Абилханова Алимкуль
03.03.2023
Ағымдағы 28-ші ақпан күні Қараөткел мектеп-гимназиясында 5 “б” сынып оқушылары 1-наурыз күніне орай “Алғыс айту” күніне сыныпта тәрбие сағаты өткізілді, оқушылар бір-бірлеріне ұстаздарға және де асханаға барып алғыстарын білдірді.
03.03.2023
8 “Б” сыныбында 24.02.2023ж күні 1- Наурыз Алғыс айту күніне “Ризашылықта шек жоқ” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
03.03.2023
Ағымдағы оқу жылының 28 ақпанында Қараөткел мектеп-гимназиясының 7Ә сыныбында 1-наурыз "Алғыс күніне" орай "Алғысым шексіз" тәрбие сағаты өтті. Оқушылар алақандарының суретін салып ата-аналары, ұстаздары мен сыныптастарына жүрекжарды тілектерін жазып, ортақ тілек бұрышын толтырды.
01.03.2023
Қараөткел мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында, мектеп әкімшілігі , ауыл инспекторлары мен бірлесе отырып түнгі кезекшілік ұйымдастырды, Кезекшілік барысында көшеде жүрген оқушылар кездеспеді. Осындай түнгі кезекшіліктер алдағы уақыттарда да өз жалғасын табады.