Текст
06.01.2024
“ Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы” КММ директоры Такишев Дархан Жанболатович Азаматтарды қабылдау Сейсенбі: 10:00-12:00 Бейсенбі: 17:00-19:00 Азаматтарды қабылдау алдын-ала жазылумен жүргізіледі. Жазылу үшін телефон: 8716 51 46 071 (хатшы Олжабаева Мерей)
04.01.2024
Целиноград ауданы білім бөлімінің Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясының 6 А сынып оқушысы Мұстафа Асия Республикалық Президент шыршасына қатысып келді. Мұстафа Асия үздік оқушы, облыстық " Зерде" ғылыми жобалар І орын жеңімпазы, бірнеше байқаулар мен конкурстар жеңімпазы.
04.01.2024
25 желтоқсан күні жеке кәсіпкер Утопергенова Сауле Сабировна атынан 20 толық емес және көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға Жаңа жыл мерекесіне орай тәтті сыйлықтар ұйымдастырылды.
31.10.2023
2023-2024 оқу жылы бойынша Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында күзгі каникул 30.10.2023-03.11.2023 аралығында жүргізілетін іс-шаралар жоспары
Бекітемін:
Мектеп директорының м.а.
Т.Б. Еменова _________
2023-2024 оқу жылы бойынша
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында
күзгі каникул 30.10.2023-03.11.2023 аралығында жүргізілетін
іс-шаралар жоспары
№...
20.10.2023
Қараөткел мектеп-гимназиясында 7,8,9,10,11-сынып қыздар және олардың аналарымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді.Онда білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Айткүл Аманжоловна,мектеп директоры: Кабылова Н.К,ауыл инспекторы, аға лейтенант Нұрбеков Өмірсерік қатысты.
18.10.2023
2023 жылдың 18 қазанында Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясында Целиноград аудандық білім бөлімінің бас маманы Айнұр Айтбайқызы және кадр бөлімінің маманы Салтанат Сарыарқақызы педагогикалық ұжыммен педагогтерді аттестаттау жаңа ережелерін түсіндіру, сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары және педагогтердің этика қағидаттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді
18.10.2023
Қараөткел мектеп-гимназиясында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында,мектеп директоры Кабылова Н.К,ауыл инспекторы,аға лейтенант Нұрбеков Өмірсерік және мектеп әкімшілігінің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 8,9,10,11-сынып ер балалары мен әкелер арасында жиналыс өткізілді.
17.10.2023
Республика күні қарсанында Қараөткел мектеп -гимназиясында Инклюзивті қолдау кабинетті ашылды.Инклюзивті қолдау кабинетін аудан білім басшысы Ысқақов Сейфулла Абдуұлы ашты.Инклюзивті қолдау кабинетінің мақсаты:Ерекше оқитын оқушыларға ,қолдау көрсетіп білім беру.Қазіргі таңда инклюзивті қолдау кабинетінің құрал жабдықтары заманауи.Интрактивті тақта,түрлі түсті дидактикалық материалмен жабдықталған.
08.10.2023
Қараөткел №2 мектеп-гимназиясында 6 қазан күні ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті.Оған мектебіміздің і 11"А","Ә","Б"сыныптары белсене қатысты.Олар өздерінің қойылымдары арқылы ұстаздарды қуанта алды.Мерекелік іс-шара сапалы.жоғары дәрежеде аталып өтті.
08.10.2023
Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қасиеттерін іске асыру мақсатында Ұстаздар күніне арналған «Дублер күні» мектеп білім алушыларының өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 10-11 сынып оқушылары қатысып, ұстаз рөлін атқарды. Өздеріне берілген міндетті оқушылар өте жоғары деңгейде атқарып шықты.