Текст
12.09.2023
Ы.Алтынсарин төсбелгісі атағын беруге ұсыныс
12.09.2023
Құрметті,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Баршаңызды 1 қыркүйек-Білім күні мерекесімен құттықтаймыз!Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы-оң,қадамы құтты болсын! Құрметті ұстаздар! Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы,өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін.Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін,толағай табыстар тілейміз!Мереке құтты болсын! Мектеп әкімшілігінің құттықтауы
12.06.2023
Караоткель МГ День траура
12.06.2023
12.06.2023 день общенационального траура
03.05.2023
Қараөткел мектеп- гимназия кітапханасында 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналып «Достығымыз мәңгілік» атты кітаптар көрмесі қойылды. Көрмемен 2 «Г», 2 «Д» бастауыш сынып оқушылары танысып, өз ойларын ортаға салып, айтылған мәліметтерді қызығушылықпен тыңдады. Іс- шараның мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Атсалысқан сынып жетекшілерге рақмет.
03.05.2023
28.04.2023ж Мектебіміздің тәрбие жоспарына сәйкес "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні" мерекесіне орай 8"А" және 8"Ә" сыныптар "Қайырлы таң! Бірлігі жарасқан Қазақ елі " тақырыбында мектеп оқушылары мен ұстаздарын әр ұлттың тілінде амандасып қарсы алып, әр ұлттың құндылықтарына байланысты сұрақтар қойып тәтті үлестірді. Мақсаты: Жалпы Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар жайында мағлұмат беріп, олардың бір мемлекет халқы екендігін, көздеген мақсаттары бір Қазақстанның жарқын болашағы екендігін түсіндіру. Сынып жетекшілері ; Ишамбулова Құралай Шакенқызы және Маликова Аяулым Серікжанқызы
03.05.2023
27.04.2023ж Мектебіміздің тәрбие жоспарына сәйкес "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні" мерекесіне орай 5 және 6 сыныптар "Бір шаңырақ астында" тақырыбында макеттер жасап әкелді. Өзін-өзі басқару ұйымы әкелген макеттері жинақтап " Бейбітшілік - ел тілегі" атты көрме жасады. Әр макет өзіндік бір сыр шертеді.
03.05.2023
25.04.2023ж Мектебімізде тәрбие жоспары бойынша өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Біз әлемді қорғаймыз" тақырыбында макеттер көрмесі қойылды. Мақсаты: Оқушылар бойында Отанына, Еліне деген сүйіспеншілік қасиетін ояту. Әлемді, табиғатты аялауға үйрету. Жер ананың соншалықты нәзік екенін, оның әр тасының қаншалықты қымбат екендігін түсіндіру. Бұл көрмеге 3-5 сынып оқушылары белсене қатысты. Бейбіт елде ұрпақтарымыз өсе берсін дейміз.
18.04.2023
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында 8-сынып пен 9-сынып оқушыларына ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Кашкенов Мухтар Жусипұлы мен ЖПҚБ УПИ полиция лейтенанты Еспол Өмирсерікұлы " Буллинг және Кибербуллин зардаптары" тақырыбында алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Негізгі мақсат, Елімізде болып жатқан жат қылықтардан аулақ жүру. Ұрлық, түнгі жүріс, күш көрсету, электронды темекі, т.б әдеттерден қашық болу тақырыбында түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар ТІО:Балгин К Е, Бухабаева Н.С.
18.04.2023
14.04.2023 ж Мектебімізде Өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Ауылым жаңаруда" тақырыбында жайдарман ойын сауық кеші өтті. Мақсаты: Ауданда өткізілетін жайдарман ойынына қатысатын топты іріктеп алу. Жайдарман ойыны мектебіміздегі үздік құрама деген екі құраманың арасында өтті. Олар бірі Болашақ kz. құрамасы болса, екіншісі Baby shark құрамасы. Екі құрама да жақсы ойнады, ойын соңында сарапшылар өз көз қарастарын ойын барысындағы кемшілік тұстарын атап өтті. Жайдарман үйірмесінің жетекшілері Съезхан Нұршаш және Әмірханова Нұрсулу Шәріпқызы.