Текст
04.12.2022
• • Әдістемелік көмек ретінде 1-11 сынып жетекшілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қарашаның соңғы аптасында өткізілген тәрбие саласындағы іс-шаралардың қорытындысы мен жаңа аптаның жұмыс жоспарлары таныстырылды. Оқушыларға мектеп ережесі, қауіпсіздік ережесі туралы түсіндірме жұмыстар жүргізуін, сынып сағаттарды уақытылы орындалуын ұсындық. Жиынды ұйымдастырушылар ТІО: Бухабаева Н.С, Балгин К.Е, мектеп тәлімгерлері: Н.Шәріпқызы мен Н.Съезхан
22.11.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы. 21.11.2022 күні "Шаңырақ" отбасы клубының жоспарына негізделе отырып "Толағай" отбасылық спорт сайысы өтті.Мақсаты: оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру; Салауатты өмір салтын насихаттау барысында ұйымдастырылды. Сайысқа 5-сыныптан үш команда атсалысты. Іс-шара өте жоғарғы деңгейде өтті.
22.11.2022
18.10.2022күні 3"А" сынып оқушылары "Алтын күз" мерекесін өте жақсы көңіл күйде қарсы алды. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып айнала алтын түске боялады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күз- бұл ғажайып мезгіл. Күз дегеніміз- байлық, молшылық."Күзіміз неткен керемет " деген ерекше сезімде болды. Әр оқушы өз ойларын ортаға салып, тәрбие сағаты өте қызықты өтті.
18.11.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясының ІІ ауысым оқушыларына тәрбие ісінің меңгерушісі Н.С Бухабаева " Қысқы қауіпсіздік" ережелері туралы,және әдептілік жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
14.11.2022
Қараөткел мектеп-гимназиясының 5"Ә" сыныбында "Баланың орта буынға бейімделуіндегі отбасы мен мектептің рөлі" тақырыбында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы өтті. Сынып жетекшісі БакаковаД.С. ұйымдастыруымен.
13.11.2022
Бүгін 12.11.22ж 2 "ж" сыныбында "Баланың бас ұстазы ата-ана" атты тақырыпта жиналыс өткізілді. Жиналысты тренинг ретінде көңілді ойын мен топқа бөлу арқылы бастадым. Ән қоржын деген тәсіл арқылы топқа бөлінді. Сонымен қатар бақытты жанұя деген тақырыпта постер қорғалды! Әр ата-ана көңілді,әрі белсенді қатысты. Түрлі ситуациялық жағдайларға байланысты сұрақ қойып ата-аналардан жауап алдым! Сонымен қатар тренинг барысында қауіпсіздік ережесін талқылай отыра, оқушылардың білім деңгейінеде тоқтала өттік! Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Жиналыс өте қызықты әрі өз деңгейіне сай өтті.
13.11.2022
Мектебіміздің Тәлімгерлері І тоқсан қорытындысы және ІІ тоқсан жұмыс жоспарымен таныстыру мақсатында, Өзін өзі басқару ұйымының жиналысын өткізді. Жиналыста жалпы ІІ тоқсан жұмыс жоспарымен таныстырылып, І тоқсан қорытындысы бойынша жақсы жұмыс көрсеткен фракция мүшелерін мадақтап, бос орындарға жаңадан фракциялар тағайындалды.
13.11.2022
Қазақстанда БҰҰ- ның бала құқығы туралы конвенциясына радификцялау аясында 8-20 қараша аралығында " Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқаны өтеді. Науқанның мақсаты - ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның балаларға қатысты зорлық- зомбылық пен қатігездік проблемасы оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай - ақ осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері туралы хабардар болуын арттыру. Акция аясында республика өңірлерінде баспасөз конференциялары, онлайн - семинарлар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер, мектептердегі сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т.б. өткізіледі. Республикалық және жергілікті телеарналарда бейнесюжттер көрсету жоспарлануда, зорлық- зомбылық және қатігез қарым- қатынас мәселелері бойынша парақшалар, буклеттер, плакаттар таратылады. Бұл науқанға ата-аналар, балалар, жастар, мүдделі мемлекеттер құрылымдары өкілдері, зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсететін, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға алдын -алу және қолдау көрсетумен айналысатын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.
28.10.2022
2022 жылы 28 қазан күні Қараөткел ауылының мектеп - гимназиясында «Қамқоршы күніне» арналған іс – шара өткізілді. Қамқоршымен жүргізілетін іс – шара «Мейірімді жүрек» тақырыбында өтті. Іс-шара барысында мектеп оқушылары шағын мерекелік концерт қойып, өнерлерін ортаға салды. Бұл күні балаларға жүрек жылуын сыйлап жүрген қамқоршыға құттықтаулар және алғыс сөздер білдірілді, алғыс хатпен және естелік сыйлық берілді. Осы іс – шараны ұйымдастыруға қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сыздыкова М.К. демеушілік көмек көрсетті. Өткізген әлеуметтік педагог Киянбекова З.У.
25.10.2022
Мектебімізде 21 қазан күні Тәрбие жоспарына сәйкес "25-қазан Республика күні" мерекесінің қорытынды концерттік бағдарламасы өтті. Бұған дейін жоспар бойынша Ашық тәрбие сағаттары, лездемелер, қабырға газеттер сайысы, дебаттық сайыстар өткен болатын. Қорытынды концертте тақырыпқа сай патриоттық әндер айтылып билер биленіп, күй ойналды. Концерттік бағдарламаға өз үлестерін қосқаны үшін, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Сәрсенбаева Гулзада мен Әбілханова Әлімгул апайларға мектебіміздің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ерекше алғыс білдірді. Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай