Текст
17.06.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында 11- сынып оқушыларының аттестат табыстау кеші өтті. Мектебімізден 64 оқушы түлеп ұшты . Олардың ішінде 3 алтын белгі иегерлері, 4 оқушы қызыл аттестат иегерлері. Мектеп директоры: Ислам Буянұлы шәкірттерімізге сәттілік тілеп аттесттарын табыстады. Қонаққа ауыл әкімі Мукушев А. С. келіп қатысты. Жас түлектеріміздің болашағы жарқын болсын дейміз. Сәт сапар саған, жас түлек! Жас түлек-2022ж
15.06.2022
Қазақ тілін оқуға арналған порталдар
Қазақ тілін оқуға арналған порталдар
«Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына,...
19.05.2022
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. http://m.egov.kz/survey Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
11.05.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы. 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай мектепшілік іс-шара өткізіп, мектеп директоры: Ислам Буянұлы ер-азаматтарды құттықтап мерекелік ән шашу ұсынылды.
11.05.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясының 11 "А" сынып түлектерінің дәстүрлі тал отырғызу рәсімінен үзінді фото. Сынып жетекшісі: Серғазы Алмас.
11.05.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясы 1 мамыр халықтар достығы мерекесіне орай ұйымдастырылған аудан мектептер арасында ұйымдастырылған іс-шарада бас жүлдені иеленді.
29.04.2022
28 сәуір күні Қоянды #2 мектебінде өткен ағылшын тілі пәнінен өткен аудандық "E Art-2022" фестивалінде ән номинациясы бойынша біздің мектеп оқушылары бас жүлдемен марапатталды. Жетекші ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абдиева Г.Т.
29.04.2022
22 сәуір күні Қараөткел мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша "Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" тақырыбында форум өтті.Форумға аудан көлемінде 70 мұғалім қатысты. "Оқырмандарды ойшылдыққа үйрету", "Эссе жазу -қиын емес,қызық!", " Жазу өнері", "Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді АКТ тәсілдері" тақырыбында баяндама жасалды. Форумға қатысушылар спикерге сұрақтар қойып, белсенді қатысты.
29.04.2022
,, Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасында 2 "а", 2"ә", 2"б", 2"в" сыныптары "Артық білім кітапта", "Даналар сөзі-ақылдың кені ", "Суреттер сөйлейді", " Ертегілер елінде ", " Өзге тілдің бәрін біл! " тақырыптары бойынша оқушылар әдеби кітап, ертегі кітаптарды қызыға оқи отырып, ойларын дамытып, оқуға құштарлығы артты. Бастауыш сынып мұғалімдері.
29.04.2022
22.04.2022 ж Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясында Балалар жылына орай Жайдарлы жайдарман ойыны өтті. Жайдарманға мектебіміздің ең үздік алғыр оқушыларынан құралған 7ә сыныбынан Ақ командасы 7 д сыныбынан Сұтқоректілер командасы, 7 а сыныбынан Өзіміз ғой командасы және 8 б сыныбынан КМЖ командалары қатысты. Жайдарманшылар ұтымды ой, салмақты әзіл, шымшыма сөздерімен көзге түсті. Сахынада емен еркін көсіле сөйлеп актерлік шеберліктерімен өздерін жаңа бір қырларынан көрсетіп ұстаздарын таңқалдырды. Нәтижесінде І орынды 7ә сыныбы Ақ командасы ІІ орынды 7д сыныбы Сұтқоректілер командасы ІІІ орынды 8 д сыныбы КМЖ командасы алды. Үздік ойыншы номинациясын Дәуітов Аян иеленді. Барлық командаларға мадақтама беріліп балалар жылына орай әр командаға футбол добы сыйланды. үздік ойыншыға баскетбол добы берілді. Ал бірінші орынға кубок берілді. Демеушілік жасаған мектеп директоры: Ислам Буянұлына алғыс білдіреміз. Жайдарманға төрелік етуге арнайы мектебіміздің түлегі, жайдарман ойындарының жеңімпазы Расул Жандос шақырылған еді. Ол Болашақ жайдарманшыларға көптеген кеңес берді. Сыныптарынан команда шығарып, оқушыларын ынталандырып, ұйымдастыра білген сынып жетекшілері; Қаршыға Өтегенқызына, Диана Арманқызына, Құралай Шакенқызына және Жұмағазы Шакенұлына алғысымыз шексіз. Жайдарман тек әзіл қалжың емес ол оқушыны тапқырлыққа, актерлік шеберлікке, өнерге, тәрбиеге, көшбасшылыққа , ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелейтін бірден бір жол. Саналыда салихалы ұрпағымыз көп болсын. Жайдарман үйірмесінің жетекшілері: Съезхан Нұршаш. Амирханова Нұрсулу