Текст
17.02.2022
Қараөткел ауылының мектеп-гимназиясының 9" В" сыныбыңда11.02.2022ж күні қыздар жиналысы өтті. " Қыз бала қандай болу керек?" тақырыбында баяндама тыңдалып, ортаға ұлт тәрбиесі бойынша ойлар қозғалды. Екінші күн тәртібі бойынша қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болу; түнгі жүріс, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әртүрлі мәселелер бойынша мектептің ішкі ережелерін сынып жетекшісі М.Ахметқанқызы баяндап өтті.
14.02.2022
11.02.2022 күні Қараөткел ауылы 2 ЖОББМ Аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Қараөткел 1 ОМ, Қаражар ауылының орта мектебі және Қараөткел ауылы 2 ЖОББМ командалары қатысты. Дебат Цирктерде жануарларды көрсетуге тыйым салынуы керек пе? Голливуд фильмдерінің әлемге әсері жақсы ма, жоқ па? және Атақты адамдар үлгі болмауы керек тақырыптары аясында өтті. Қатысушылар өз ойын еркін жеткізіп, тың идеялар ұсынды. Қонақтарға Қараөткел ауылы 2ЖОББМ шағын экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны кітапханадан бастадық. Кітапхана меңгерушісі Сулейменова Айгул М.Мақатаевтың туған күніне байланысты өткізіліп жатқан іс шарасын көрсетіп қонақтардың да ат салысуына мүмкіндік береді. Келесі мектеп мұражайына барып ондағы мұражай журналына өз естеліктерін қалдырды. Жалпы дебат бір ауыздан жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп бағаланды. Салихалы да саналы ұрпақтарымыз көп болғай. Дебат клубының жетекшісі Съезхан Нұршаш.
10.02.2022
Анықтама Қараөткел ауылының мектеп – гимнназиясы кітапханасында өзін - өзі тану апталығының аясында «Мейірім толы жүрек» атты көрме қойылды. Көрмемен мектеп оқушылары танысып, көрме алдында аталған тақырыпта ой бөлісті. Көрменің мақсаты Оқушылардың «мейірімділік», «қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейту, «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу. Көрме алдында 5 «Д» сыныбы аталған тақырыпта ой бөлісіп, оқушылармен ойын ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі Оңғарбаева П.Б Мектеп кітапханашысы Сулейменова А.У
10.02.2022
08.02.2022ж Мектебімізде Өзін- өзі тану пәнінің онкүндік жоспарына сәйкес "Әділет" дебат клубының ұйымдастыруымен "Сүйіспеншілік- сый талап етеме? " тақырыбында дебат өтті. Дебатқа 8, 9, 10 -сынып оқушылары арасынан құрылған төрт команда қатысты. Дебатқа мектебіміздің үздік спикері Тілетес Мақсат, 11 сынып оқушысы Амангелді Нұркелді және дебат клубының жетекшісі Съезхан Н төрелік етті. Дебат өте тартысты өтті.
10.02.2022
Экология бағыты бойынша жұмыстар жүзеге асуда.Тақырыбы: «Қыс кереметі» Мақсаты: Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, суреттеуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс-әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу. Сөздік қорларын арттыру Дайындаған: Шайменова Н.Н 2-сыныптар
07.02.2022
11 - сынып оқушыларына биылғы оқу жылындағы өткізілетін ҰБТ бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
07.02.2022
Директордың оқу ісі жөнінде орынбасары Егимбаев Ерназар Кайыргельдинович 11-сыныптардың білімділік деңгейін анықтау мақсатында оқушыларға тест жұмыстарын жүргізді.
07.02.2022
«Ақмола облысы білім басқармасы Целингорад ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел аулы №2 жббом» КММ жалпы білім беретін пәндер бойынша орыс тілі мұғалімі мамандығына конкрус жариялайды. «Ақмола облысы білім басқармасы Целингорад ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел аулы №2 жббом» КММ мынадай бағытта: жалпы білім беретін пәндер бойынша орыс тілі мұғалімі лауазымында кемінде үш жыл өтілі немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар және (немесе) бейіні бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс өтілі бар мамандар. Қажетті құжаттар тізімі: 1. жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар; 2. Біліктілік санатының бар болуы; 3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары; 4. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса); 5. педагогикалық өтілі жоқ кандидаттардан басқа оқу-әдістемелік материалдар және/немесе ғылыми еңбектерінің тізімі; 6. еңбек кітапшасының көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы.
03.02.2022
"Арулар" клубының мүшелері, 9"б" сыныптың қыздар арасында жиналыс өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты: қыздарды инабаттылыққа, мейірімділікке, бірлікке тәрбиелеу болды. Еліміздегі келеңсіз жағдайлардан аулақ болу-әрбір тұлғаның өз қолында екенін түсіндірдік. Қыздар арасында зорлық-зомбылық туралы, түнгі жүріс, құқық тақырыптары бойынша ой қозғалды.барлық қыздар түгел қатысты. Жиналыс ұйымдастырушы Бухабаева Н.С және мектеп тәлімгерлері
03.02.2022
Қараөткел ауылы №2 ЖОББМ. Өзін-өзі тану: "Сүйіспеншілік жолындағы өмір" тақырыбындағы 1.02-11.02.2022ж аралығында өткізілетін онкүндіктің ашылуы. Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретінде мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту. Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру. Жауаптылар:Әмірханова Н. Ш, Ергалиева Г. С.