Текст
01.02.2022
"Қараөткел ауылы №2 ЖОББ" КММ-нің 7 "В" сынып оқушыларымен мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасарлары Балгин К.Е, Бухабаева Н.С және сынып жетекшісі Тулектемирова Қарлығаш Серікқызының қатысуымен қоғамымызда көтеріліп жатқан мәселенің бірі- зорлық зомбылыққа қарсы күрес туралы, жатқылықтардан аулақ болуға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
25.01.2022
25.01.2022 күні Мектебіміздің 7ә сынып оқушылары сынып жетекшісі Д. Арманқызының басшылығымен "Жүректі жылытар-мейірімділік" тақырыбында сыныптан тыс іш- шара өткізді. Оқушылар үш тілде мейірім туралы өлеңдер оқып нақыл сөздер айтылды. Қонаққа келген ұстаздарға да арнайы ойын ұйымдастырып крассворттар шешті. Бұл әрекеттерімен оқушы мен Ұстаз арасындағы сыйластық пен сыпайы қарым- қатынасты көрсетті. Сыныптан тыс жұмыс өз мақсатына жетті деп ойлаймыз. Мейірімді де салихалы ұрпағымыз көп болғай. Мектеп тәлімгері Съезхан Нұршаш.
15.01.2022
«Ата-аналармен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдері» Мектебімізде 14 қаңтар күні сынып жетекшілер арасында «Ата-аналармен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдері» деген тақырыпта коучинг өтті. Барлық сынып жетекшілер белсенділік танытып,өз тәжірибелерімен бөлісіп,ортаға ең маңызды мәселелерді талқылады. Мақсаты: Сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жетекшілерге алдын алу бағытында бағыт-бағдар беру. Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасындағы атқарылатын жұмыстар мен әдіс-тәсілдері туралы білімді нығайту.
14.01.2022
Қараөткел ЖОББ 2мектебінің бастауыш тәрбие бірлестігінің "Баланы өз балаңдай көр"тақырыбында ауқымды тренинг өтті. Мақсаты:Қазіргі кездегі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана мен ұстаздың тығыз байланыс орнап,тәрбиелеуі ықпал етеді. Тәрбие бірлестік жетекшісі:Картбаева А.О.
13.01.2022
Қараөткел № 2 ЖОББМ 1-2 сынып ұстаздары "Қазіргі таңдағы бала тәрбиесі" тақырыбында өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеу керектігі туралы ой бөлісті. Баланы мектеп партасына отырғаннан бастап жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі — ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Жасөспірім бала — жаңа өсіп келе жатқан жас бұтақ. Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Бастауыш сынып жетекшісі: Досмағанбет Кәмшат Жамбылқызы
12.01.2022
ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы ел болашағына деген үлкен сенім мен халық көңіліне тыныштық ұялатты. Жолдауда халық көкейінде жүрген көптеген мәселелер қаралып, елдің дамуында бір қатар өзгерістер болатыны айтылған. Енді тек ел болып, халық болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе отырып, ел болашағы үшін еңбек етсек болғаны. Себебі біздің күшіміз - бірлікте. Біз Президентімізге сенеміз! Біз Президентімізді қолдаймыз!
24.12.2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толу және "Жас Ұлан" "Жас Қыран" ұйымына 10 жыл толу мерекесі қарсаңында мектебіміздің үздік және екпінді, белсенді оқушыларын "Жас Ұлан" "Жас Қыран" ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Жас Ұлан ұйымына 176 оқушы, Жас Қыран ұйымына 104 оқушы қабылданды. Әр оқушыға төс белгі мен туымыз түстес галстуктар тағылды. Егеменді еліміздің болашағы саналы да салиқалы ұрпақтарымыз көп болсын дейміз.
10.12.2021
7 желтоқсан күні мектебімізде "Шабыт" шығармашылық топ жетекшісі педагог-зерттеуші Кенесбаева З.С ұйымдастыруымен педагог-зерттеуші мұғалімдер мен жас мамандар кездесу іс-шарасы өткізілді. Кездесу мақсаты жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, қолдау.
02.12.2021
Қараөткел № 2 ЖОББ мектебі КММ Кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазастан. Ұлы дала Тәуелсіз елі» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеде Қазақстаның 30 жылда жеткен жетістіктері, тәуелсіздікті жырлаған ақын жазушылардың өлеңдері қойылды. Көрмемен мектебіміздің 7 сынып оқушылары танысып, көрме алдында ой бөлісті.
02.12.2021
2 Қараөткел ЖОББ мектебінің 3 "г"сыныбында "Елін сүйген,елі сүйген елбасы"тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды еңбекқорлыққа,елін,жерін сүюге, патриоттыққа және Елбасын үлгі тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл сынып сағатында оқушылар Елбасымыздың балалық шағы егер танысты. Тақпақтар,өлеңдер айтып, сұрақтарға жауап берді