Текст
08.11.2021
"Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беру" КММ. "Өзін-өзі басқару ұймының" оқушылары мен тәлімгері Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай "Ел құрметіне бөленген балуан күш атасы, қазақтың тұңғыш әлем чемпионы" атты ауданда өткен мерекелік іс-шараға қатысып қайтты. Құжымұқан Мұңайтпасұлының немересімен кездесіп келді. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен қасиеттерді сіңіру. Мектеп тәлімгері: Әмірханова Нұрсұлу.
28.10.2021
Қараөткел ауылы ндағы жалпы орта білім беретін 2 мектептің 2 "Е" сыныбында Досыммен мақтанамын Әлібек Файзуллаев "Жанкүйерлер" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Туртулова Гульбахрам Темиркеновна. Сабақ түрлі әдіс- тәсілдер түрінде өтті. Сабақ барысында оқушылар көптеген әдіс тәсілдерді қолданып, тақырыпты ашты. Сабақ қызықты әрі мазмұнды болды. Сондай - ақ балалар өз білімдерін көрсетуге, өз пікірлерін білдіруге жауаптарын дәлелдеуге барынша атсалысты.
28.10.2021
Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы #2 жалпы білім беретін мектебі. Бастауыш сынып онкүндігінде қыздар арасында "Шаш өру үлгісі" өтті. Барлық бастауыш сынып қыздары қатысып,жаңа үлгідегі шаш өру үлгісін көрсетіп, белсене қатысып, марапаттарға ие болды.
28.10.2021
Қараөткел ауылындағы N2 орта мектептің 1 «В» сыныбында «Ойнайық?! Г әрпі », сынып жетекшісі Сулейменова Д.А Сабақ ойын түрінде өтті. Ойын барысында балалар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді. Сондай-ақ балалар өз білімдерін көрсетуге, өз пікірлерін білдіруге, жауаптарын дәлелдеуге мүмкіндік алды.
28.10.2021
Қараөткел ауылы 2 жалпы орта білім беру КММ-де бастауыш сыныптардың он күндігі өз жалғасын табуда. Осыған орай 1 "Д" сыныбында математика сабағынан "Ұзындықты өлшеу. Сантиметр" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Ұзындықты өлшеп үйрену, ұзындықты салыстыру. Сынып жетекшісі: Шойдонда Марияш. Сабақта оқытудың белсенді әдістері, СТО стратегияларын шебер қолданып, балаларға тиімді кері байланыс бере алды. Сабақ өз мақсатына жетті.
24.10.2021
Қараөткел #2 ЖОББМектебінің КММ. Бастауыш сыныптар арасында 10 күндік апталық өтуде. Апталықтың ашылуына 1-2 сыныптар арасында өткізілді. Оқушылар қатысып өз өнерін көрсетті.
21.10.2021
Целиноград ауданының білім бөлімінде "Ақмола дарын" дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау жөніндегі орталығың " Елбасы медалі" жобасының бағдарламасы аясында жеті бағыт бойынша өткен жобаның нәтижесінде # 2 Қараөткел жалпы орта білім беретін мектебінен 11 сынып оқушылары Қуаныш Аида Жасұланқызы, Абаева Қымбат Рысбекқызы, Асылбек Ботагөз Ғаниқызы қатысып "Елбасы медалін" иеленді.
20.10.2021
Қараөткел ауылы 2 ЖОББМ қазан айының 20 күні 7г сыныбында "Жеке тұлға қалыптасуда оқушыға тиімді бағдар көрсету" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты жалпы тәріп бұзушылықтың алдын алу. Сынып сағаты өте жақсы өтті. Оқушыларға нақты ой салатын көптеген суреттер мен жағдаяттар келтірілген. Әр айтылған мысалдар нақты күнделікті сыныптағы іс әрекеттермен байланыстырылып отырды. Оқушылар көптеген мағұлматтар алды. Сынып жетекшісі Абламбаева Д.Д.
18.10.2021
Күз - Алтын мезгіл. Бұл жылдың керемет уақыты, егін жинау уақыты. Міне, N 2 ЖОББМ 1-сынып оқушылары да Өнім жинауға шықты. Көкөністер мен жемістердің толық себетін жинау үшін балалар күз айларын еске алып, жұмбақтар шешіп, күз туралы өлеңдер айтуға мәжбүр болды! Балалар қандай мол жинады! 1в сынып, Сынып жетекшісі Сулейменова Д. А.
18.10.2021
"Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беру" КММ. Мектебімізде халықаралық қыздар күніне арналған іс-шара өтті. "Қыз өссе-елдің көркі" деген тақырыпта қыздар арасында дөңгелек үстел, шаш өру мен сән үлгісі, қазақ қыздарының мінезін бейнелейтін әсем әндер мен өлеңдер оқылып жалғасын тапты. Мақсаты: Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сынды қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Тәлімгер: Әмірханова Нұрсұлу