Текст
15.10.2021
Қараөткел 2 жалпы орта білім беретін КММ нің 1е сынып оқушыларымен "Берекелі алтын күз "атты ашық тәрбие сағаты өтті.Сынып мерекеге сай безендірілген.Оқушылардың да киімдерінен қаншалықты дайындықпен келгенін көруге болады. Оқушылар "Алтын күз" жайлы тақпақ,ән билерін ортаға салды.Мерекеге ойдағыдай,есте қалатындай өтті.Сынып жетекшісі:Мукашева Ляззат Ермековна.
08.10.2021
Қараөткел ауылы /2 ЖОББМ Ұланбасының ант қабылдау рәсімі мен "Қыран" өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін қабылдау рәсімі өтті. Ұланбасы мен өзін-өзі басқару ұйымы мүшелеріне арнайы галстугі мен куәлігі салтанатты түрде табыс етілді. Әр бір оқушы өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, ант қабылдады.
07.10.2021
Қараөткел N2 ЖОББ КММ-де " Қош келдің, АЛТЫН КҮЗ" атты мерекелік іс-шарамыз бастау алды. Күз мерекесін сағына күткен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін аңғардық. Қолөнер бұйымдарынан мектеп көрмесін ұйымдастырдық.
05.10.2021
"Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беру" КММ. "Отбасы ұлттың тірегі" тақырыбында 1-ші сынып оқушылары арасында отбасылық суреттер жинағынан көрме ұйымдамтырылды. Бұл көрменің басты мақсаты біреуге жеңіс, біреуге жеңіліс сыйлау емес. Бұндағы мақсат отбасының жарасымдылығын, үйлесімдігін, тартымдылығын, көркемдігін, ауызбіршілігін насихаттау. Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Мектеп тәлімгері: Әмірханова Нұрсұлу
05.10.2021
Қараөткел ауылы /2 ЖОББМ "Қариясы бар елдің қазынасы бар" тақырыбында айлық ашылып, жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес айлықтың ашылауы онлайн форматта өткізілді.
04.10.2021
Ұстаздар мерекесіне орай Қараөткел N 2 ЖОББ КММ-нің 2"д" сынып оқушылары мен ата-аналары облыстық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлерін құттықтау барысы.Сынып жетекшісіСарсенбаева Гулзада Сейтмаганбетовна
02.10.2021
Қараөткел ауылы /2 ЖОББМ ұжымы Еліміздің қарияларынна жүрек жарды ақ тілектері мен құттықтауларын онлайн форматта жолдады.
28.09.2021
Бүгін Республика көлемінде "Тәуелсіздік игілігі" атты тәрбие сағаты 2 -сыныптар арасында өткізілді. Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бұл- қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін байқауымызға болады. Аңсаған армандарға қол жеткізіп, тұғырын биік ұстауға қаншама еңбектер төгілді. Еңселі еліміздің еңбегін өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында сынып сағаттар жоғары деңгейде өткізілді.
28.09.2021
Қараөткел №2 ЖОББМектебінің КММ кітапханасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Қазақ ұлы», «Дала жұлдызы - Ыбырай» атты көрме қойылды. Көрме алдында 5 «Ә» сынып оқушылары пікір алмасып ой бөлісті . Сынып жетекшісі Абдиева Г.Т Ыбырай Алтынсарин — бар саналы ғұмырын ағартушылыққа , яғни ізгілік педагогикасына көп еңбектенген көрнекті тұлға. Ол өзінің педагогтік,жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімін және қайраты мен жігерін жас ұрпаққа арнады. Осы мәліметтермен таныса отырып, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды.
27.09.2021
24.09.2021 Қараөткел ауылы /2 ЖОББМ Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған тәрбие ісінің жоспарына сәйкес "Ы.Алтынсарин мұрасы-мәңгілік мұра" тақырабында дебат өтті. Дебат клубының жетекшісі мектеп тәлімгері Съезхан Нұршаш. Еліміздің саналы да салиқалы ұрпақтары көп болғай.