Текст
30.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай-тірлік болмас» деген атам қазақ. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік қағидасын ұстанған ел үшін» бұл мерекенің орны ерекше. Бірлігі күніне орай 2"б" сыныбында «Достық шаңырағының астында» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Балалар арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру, бір-бірін құрметтеуге, патриоттық сезімді, отанға деген сүйіспеншілік пен сыйластық сезімдерін дамыту. Сынып сағатында балалар әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрін, сәлемдесуін, тағамдарымен танысты. Сынып жетекшісі: Тогтамыс Аяжан
30.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ 4"г" сынып оқушылары 1 мамыр халықаралық достық күніне арналған "Ұлттар достығы өнеге" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға еліміздің көп ұлт екенін, бірлігін, мәдениетін насихаттай отырып, достық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу.Оқушылар сайысқа белсене қатысты. Сынып жетекшісі: Исмагулова Күлайм Ауезхановна
29.04.2021
28.04.2021 жылы, робототехника сайысының іріктеу кезеңі аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәрсембеков Дулат Қайратұлының ұйымдастыруымен Қараөткел ауылының № 2 ЖОББМ өткізілді. Олимпиадаға аудан мектептерінен 18 команда қатысып, «Кегельринг-Квадро» санаты бойынша І орын және «Лабиринт» санаты бойынша бас жүлдені Қараөткел №2 ЖОББМ командасы иеленіп, облысқа жолдама алды. Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі -Атаева Дана Балтабаевна .
27.04.2021
Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 09 наурызындағы №12 қаулысына сәйкес, Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде математика, физика, қазақ тілі мен әдебиеті, химия биология, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және т.б. пәндерден 15 балаға дейін қосымша сабақтар ұйымдастырылып өткізіледі.
27.04.2021
Қараөткел ауылы №2 ЖОББМ 2021 жылдың 28 сәуірі 11 сынып оқушылары мен ата-аналары үшін "Электрондық форматтағы ҰБТ" және "Мемлекеттік қорытынды аттестация" тақырыбында вебинар өтеді.
23.04.2021
Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 1 наурызынан бастап Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 09 наурызындағы №12 қаулысына сәйкес, мектептерде 15 балаға дейін қосымша сабақтардың ашылуына орай, келесідей дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық сауықтыру сабақтары,
Қараөткел ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 1 наурызынан бастап Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 09 наурызындағы №12 қаулысына сәйкес, мектептерде 15 балаға дейін қосымша сабақтардың ашылуына орай, келесідей дене...
22.04.2021
«Қараөткел ауылы №2 ЖОББМ» КММ 19 сәуір мен 30 сәуір аралығында қазақ тілі мен әдебиеті , тарих пәні «Шежіре» әдістемелік бірлестігінің «Тілмен тарих –ғасырлар куәсі» тақырыбындағы апталығы өтуде.
21.04.2021
"Қараөткел ауылы №2 орта жалпы білім беру" КММ. "Мен қазақстанның патриотымын" атты іс-шараға "Өзін-өзі басқару ұйымы" қазіргі заманға сай тик-ток түсірді. Мақсаты: Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
20.04.2021
Целиноград ауданы "Қараөткел N2 жалпы білім беру" КММ Отбасылық "Толағай" жарысы ұйымдастырылды. "Толағай" жанұялық жарыс қорытындысы: 1- орын Нұржан жанұясы 2- орын Асем жанұясы 2- орын Сұңқар жанұясы 3- орын Сағындық жанұясы 3- орын Қорабай жанұясы Іс-шараға белсене қатысқан жанұяларға алғысымыз шексіз.
20.04.2021
Қараөткел орта мектебінің 2"Е"сынып оқушылар арасында "Құстар қанатты достар"атты өткізілген мәнерлеп оқу эстафеталық жарыс. Сынып жетекшісі: Картбаева А.О